Тікелей эфирде мемлекеттік қызметтерді көрсету жәрмеңкесі өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы полиция департаментімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа практикалық көмек көрсету мақсатында тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Іс-шараға Ақмола облысы Әділет департаментінің, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері қатысты қатысты.

Жәрмеңке барысында азаматтар жоғарыда көрсетілген салаларда мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша қажетті консультациялық-әдістемелік көмек алды.

Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру, жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару мәселелері бойынша толық түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімді өткізуге карантиндік сертификат беру, адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді. Барлық түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Жалпы жәрмеңкеге 250-ден астам қызмет алушылар қатысты, 100-ге жуық мәселе қаралды.

Жәрмеңкені онлайн-форматта өткізу тәжірибесі жоғары тиімділік көрсетті, өйткені келіп түскен өтініштер жедел арада қаралып, ал сұрау салған азаматтардың күту уақыты жалпы алғанда 3 минуттан асқан жоқ. Жәрмеңкелерді онлайн-форматта өткізу тұрақты негізде жүргізілетін болады.

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар