Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жарқын белес сипатындағы толғау - АРҚА АЖАРЫ

Жарқын белес сипатындағы толғау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты кезекті мақаласын қызыға оқып шықтық. Әрине, бірден айту керек – өте мазмұнды, тағлымды дүние. Тіпті ең жаңа тарихымыздың қысқа да нұсқа энциклопедиясы, егемен еліміздің шымыр да шынайы жылнамасы деуге болады. Оның үстіне, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай жарық көргендігі мақаланың танымдық, идеологиялық, тәрбиелік маңызын одан бетер арттырып отыр. Онда кең көлемді экономикалық, әлеуметтік талдау жасалуымен қатар қол жеткен табыстарымызға, рухани болмысымызға, Қазақстан халықтарының бірлігі мен қоғамдық тұрақтылығының орасан зор үлесіне тиісті баға берілді, алдағы уақытқа салиқалы бағыт-бағдар белгіленді. Елбасының «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін», – деген тұжырымы әр қазақстандықтың ойынан шыққан сөздер дер едім.

Көлемді мақалада айтылған салмақты толғамдардың барлығы аса көңілге қонымды әңгіме болды. Олардың бәріне тоқталу шағын пікірімізде, әрине, мүмкін емес. Тәуелсіздік деген қасиетті де киелі ұғымның салтанат құруына үлес қосу барлық қазақстандықтардың парызы екендігіне баса назар аударылғаны қуантады. Өйткені, бірлігі жарасқан қоғамы бар тәуелсіз мемлекет болуда мұның маңыздылығы ерекше.

Дегенмен, автордың бір терең тұжырымы туралы айтпай кетуге болмайды. Елбасы былай дейді: «Адамды қандай қиындықтан да аман алып шығатын құдірет еңбек екенін мен сәби кезімнен-ақ сезіндім. Кейінгі жастарға үнемі «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты болып, Отаныңның да қуаты артады» дейтінім сондықтан». Бұл жалпы бар тіршіліктің күретамыры, негізі ретінде қабылданатын қағида деп ойлаймын. Аға ұрпақ өкілдері де, барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдары да өздерінің өмірлік тәжірибесіне, еңбек жолына сүйене отырып, осы қағиданы жастардың санасына сіңіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді һәм жүргізе береді.

Елбасының бағдарламалық сипаты бар мақаласы Қазақстан қоғамының алға жылжу процесіндегі кезекті жарқын белес болды деп айтуға толық негіз бар.

Ғосман ТӨЛЕҒҰЛ,

Ақмола облыстық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар