Аяқ киімді цифрлық таңбалау басталды

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасында аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілуде. Бұл дегеніміз, осы уақыттан бастап Data Matrix кодынсыз аяқ киімді өндіруге және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы №95 Қаулысымен «Қазақтелеком» АҚ тауар топтарын таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы болып белгіленді.

Тауарларды цифрлық таңбалау – бұл Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында іске асырылатын ұлтаралық жоба.
Қазақстанға импортталатын және сыртқы экономикалық қызметтің 6401, 6402, 6403, 6404, 6405 кодтары бар тауарлар номенклатурасына сәйкес келетін аяқ киім міндетті цифрлық таңбалауға жатады.

Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 4-тармағына сәйкес Одақтың кедендік аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарларды таңбалау мұндай тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін жүзеге асырылады. Тиісінше, аяқ киім тауарларын таңбалау кедендік тазарту аяқталғанға дейін үшінші елдердің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Кодекс) 238-бабының 2-тармағына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлармен белгілі бір операциялар, оның ішінде тауарларды таңбалау жасалуы мүмкін.

Тауарларды таңбалау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін кеден қоймасына оператор мен импорттаушының өкілдерін жіберу Кодекстің 404-бабына сәйкес тұрақты не уақытша өткізу негізінде жүзеге асырылады.

Кеден қоймалары аяқ киім тауарларымен қалай жұмыс істейді? Осыған келсек, кеден қоймаларында таңбалау бойынша операциялар жүзеге асырылатыны алаң болып табылады. Таңбалауды енгізу бойынша импорттаушылар мен кеден қоймалары арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

Кеден органының аяқ киімді таңбалаудағы қызметі:
Кеден органы импорттаушыға және операторға кеден қоймасының аумағына кіру үшін уақытша не тұрақты рұқсат береді. Рұқсат қарапайым құрастыру операцияларын, сондай-ақ тауарларды таңбалаумен байланысты өзге де операцияларды жасау үшін беріледі.

Кеден қоймасының аумағында таңбалауды жүзеге асырғысы келетіндер үшін бірыңғай оператордың ұсынымдары:
1) таңбалау қызметтерін ұсыну үшін тиісті алаңы бар жабық, жылытылатын үй-жайлардың болуы;
2) қойма жабдығының (стеллаждар, үстелдер, тауарларды өткізуге арналған техника мен жабдық, өртке қарсы мүкәммал) болуы;
3) инфрақұрылымы (электр энергиясымен қамтамасыз ету, интернет байланысының болуы) болуы тиіс;
4) импорттаушыға тиесілі тауарларға қатысты таңбалау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға импорттаушымен шарт жасасуға міндетті.
Бірыңғай оператордың импорттаушыға ұсынымдары:

1) импорттаушыға немесе импорттаушының өкіліне тауарды сатуға және тасымалдауға (тасымалдауға) дайындау жөніндегі операцияларды, оның ішінде партияны ұсақтауды, жөнелтімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, буып-түюді, қайта қаптауды, таңбалауды, тауар түрін жақсарту жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін кеден органының, кеден одағының аумағына кіруіне рұқсат алуға;

2) Datamatrix кодтарын басып шығаруға арналған компьютер, 2D сканер, принтер болуы керек. Принтер болмаған жағдайда Datamatrix кодтарын басып шығару үшін импорттаушы баспахана қызметтерін пайдалана алады.

DataMatrix кодтарын принтерлерде басып шығару ISO 15415 стандартына сәйкес «C»-дан төмен емес оқу класына сәйкес келуі керек.

Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметкері.

 316 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар