Ақмола облысында өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаметі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін желтоқсанның 13-де Көкшетау қаласының «Алмаз» саяжай кооперативіндегі тұрғынжайдан шыққан.

«Өрт сөндіру кезінде 1974 жылғы ер адамның денесі табылды. Үйде болған тағы бір ер адам шығып үлгерген, оның аяқ-қолы мен беті күйіп, ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы орташа дәрежеде тұрақты. Өрт сөндірушілер ас үй бөлмесінен бір газ баллонын алып шықты. Шатырдағы екінші баллон өрт кезінде жарылған. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт орнында ТЖД 16 қызметкері және 4 техника жұмыс істеді», – деді Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Осы ретте, Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына электр жабдығын, пештер мен тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар