Қолы білген Маралбек

Қазіргі таңда жеке кәсібі бар адамдар мемлекет тарапынан зор қолдауға ие. Бизнестің дамуы мемлекеттің экономикасына оң әсер етеді. Осыған байланысты бұл салада көптеген мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасауда.

Кез-келген жұмыс белгілі бір мақсатқа негізделеді. Мысалы, өзінің кәсібімен айналысқысы келетін адамдардың табысты арттыруды көздейтіні анық. Қазіргі таңда арнайы мемлекеттік бағдарламалар бойынша оқуды бітіріп, бизнеспен айналысатындардың саны артуда.

Зеренді ауданының тұрғыны Маралбек Мұхамбетқалин жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту орталығына мемлекеттік грант алуға өтінім берген болатын. Ол «Жөндеу құрылыс қызметтері» бойынша бизнес жобасын дайындады. Маралбектің отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар болғандықтан, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша аудандық комиссияда бизнес жоспарды сәтті қорғап, мемлекеттік грантқа ие болды. Берілген сомаға қажетті жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алды. Қазіргі уақытта Маралбек өз жобасын сәтті жүзеге асыруда.

Пәтер сатып алушылар тарапынан жөндеу мен құрылыс қызметтерінің көмегіне жүгінетіндер көп. Осы орайда, қолөнерші Маралбекке хабарласып, көмек сұрайтындар баршылық. Қолы епсекті Манарбек ағамыз өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан да, өзіне сенім білдіріп, тапсырыс берген жандардың көңілінен шыға білуде. Негізінен ол үйге қажетті жабдықтармен қатар, есіктерді орнату жұмыстары бойынша өтінімдер қабылдайды.

Сонымен қатар, ағаштан дөңгелек үстелдер мен орындықтарды да жасайды. Осы күні ұлттық қолөнер саласының дамуына зор үлес қосып жүрген Маралбек бала кезінен бойына берген қабілетті дамыта отырып, ұлттық қолөнер ісіне өзіндік қолтаңбасын қалдыруды ойлайтын. Осы орайда оның осы бір ізгі мұратына, аппақ арманына жол ашқан мемлекеттік бағдарламалардың иігілігі орасан. Жалпы, өңірімізде сәтті жүзеге асырылып отырған аталмыш жоба жүздеген жанға өз кәсібін дөңгелетіп, жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беруде.
Алдағы уақытта, ұлттық қолөнерді дамытып жүрген Маралбекке жеміс бере бастаған ісінің өркендеуін тілейміз!

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар