Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Белгілі геолог ғалымдардың бірі еді - АРҚА АЖАРЫ

Белгілі геолог ғалымдардың бірі еді

Жер қойнауында жатқан пайдалы қазбаны тауып, жаңалық ашу, олардың қандай тереңдікте екенін айқындап, көлемін анықтау, бір сөзбен айтқанда кен өндіруге қатысты ерекшеліктерді егжей-тегжейлі зерттеу геологтарға жүктелген. Қазақстанның ондаған мың геологының еңбегінен құралған минералды-шикізат кешені бүгінде отандық экономиканың маңызды саласын құрап отыр.

Өнеркәсіптік өндірісті дамытуда осы сала мамандарының сіңіріп отырған еңбегі сүбелі. Еліміздің жоғары технологияға көшу үдерісінде де геологтарға жүктелер міндет айрықша.

Біздің Ақмола облысы түрлі кен орындарын ашуға және игеруге зор үлес қосқан геологтарымен әйгілі. Солардың бірі – геолог Берді Исмұқанұлы Бекмағамбетов. Ғалым өмірінің көп бөлігін Қазақстанның жер қойнауын зерттеуге арнаған. Ол 1949 жылы 16 наурызда Степняк қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Степняк қаласындағы №1 орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақ политехникалық институтына түсіп, 1972 жылы осы оқу орнын «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы оның авторлығымен Солтүстік Қазақстанның геологиялық қызметінің 60 жылдығына арналған 3 кітап басылып шықса, Солтүстік Қазақстанның геология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша 12 ғылыми мақаласы жарық көрді.

Академик Қазақстан аумағында жер қойнауын игеруге үлкен үлес қосты, осы еңбегі үшін бірнеше мәрте марапатқа ие болды. Нақты айтқанда, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталып, «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» атағын алды.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сырымбет кешенді қалайы кен орнын алғаш ашқан ғалым ретінде I, II және III дәрежелі «Кенші Даңқы» белгісімен марапатталды. «Қазақстан Республикасының Құрметті бұрғылаушысы» атағына ие болып, ҚР минералды ресурстар академиясының құрметті мүшелігі мен Орал Геология және жер қойнауын қорғау кеңесінің мүшелігіне сайланды.

Оның Қазақстанның минералдық-шикізат базасын дамытуға қосқан үлесі баға жеткізгісіз. Берді Бекмағамбетовтың бүгінде үш қызы және 4 немересі бар. Бос уақытында кітап оқып, ән айтқанды ұнатқан, аңшылыққа шығып, саят құрған, табиғат аясында демалуды жақсы көрген әйгілі геолог 71 жасында өмірден озды. Ол туралы естеліктер халық жадында ұзақ сақталады деген сенімдеміз.

Дина КЕНЖЕҒҰЛОВА,
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің эколог маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар