«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі»

«Отбасы – тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» жобасын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының өкілдері Г.В. Осиненко, Т.А. Кулыгина және ҚХАА жанындағы қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Н.И. Сейдалина Ш.Уәлиханов және А. Мырзахметова атындағы Көкшетау университеттерінің және Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі студенттерімен кездесулер өткізді.

Геннадий Вениаминович студенттерге Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтқан «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығы туралы сөз сөйледі. Атап айтқанда, «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» деген төртінші қағидатқа егжей – тегжейлі тоқталды.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері отбасы үйлесімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін қоғамның ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Өз сөзінде Елбасы: «Отбасы институты әлсіреп, салт-дәстүріміз ұмытылса, ел болып қалуымыз екіталай. Сол үшін дәстүрдің озығын алып, тозығын тастап, елдік болмыстың өзегін сақтай білуіміз керек. Сонда ғана саналы ұрпақ тәрбиелейміз» деген еді.

Кездесу барысында қатысушылар отбасының қазіргі қоғамдағы рөлі, ата-аналардың балаларды дұрыс тәрбиелеудегі рөлі, отбасын нығайтуға ықпал ететін отбасылық дәстүрлер туралы айтты. Н. Сейдалина нақты өмірлік жағдайдан мысалдар келтірді, осылайша студенттердің берілген тақырыпқа деген қызығушылығын арттырды. Жас ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі мінез-құлқын атап өтті. Олар отбасындағы жанжалды жағдайларды жеңіп үйренбесе, жанжалдар балалардың психикасына, олардың тұлға ретінде қалыптасуына ауыр әсер ететінін айтты.

Сондай-ақ, кездесуде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, төзімділікке тәрбиелеу туралы айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар