Өрт қауіпсіздігі ережесін естен шығармайық

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Манарбек Шапағатов Жаңа жыл шараларын өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары жөнінде айтып берді.

Бүгінгі күні облыс аумағындағы өрт жағдайы тұрғындар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Әсіресе, жаңажылдық мерекелерде ерекше қырағылық таныту қажет. Мұндай өрттің көп бөлігі тұрғын үй секторында болатынын атап өткен жөн. Бұны мемлекеттік өрт бақылау саласы реттей алмай келеді.

–Статистика бойынша Ақмола облысында өрттің 70 пайызы тұрғын үй аудандарында болады. Жаңажылдық мереке күндері бұл цифр 85 пайызға дейін өседі. Жаппай мерекелеу кезінде өрттің тез өсуін адамдардың психологиялық көңіл-күйімен түсіндіруге болады. Адамдар жұмыс уақытында жиналған шаршағанын басамын деп мереке кезінде  қырағылығын азайтады. Жаңа жылды қарсы алу кезінде өрт тәрізді бақытсыздыққа ұшырамау үшін пиротехникалық өнімді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажет. Петард, фейерверк, бенгаль отын сатып алу кезінде ең алдымен, өнімнің сертификатына қарап, пиротехниканы пайдалану ережесімен міндетті түрде танысу қажет.

Бұл өнімнің сақталуы мен сату мерзіміне назар аударуды ұмытпау керек. Егер тауардың мерзімі өтіп кетсе, оны пайдалануға болмайды. Өнімнің қорабы бүтін болуы тиіс. Пиротехниканы іске қосу кезінде темекі шекпеу керек. Тұрақтағы автокөліктер жанында ракетницадан атуға болмайды. 100 метр радиуста өрт қауіпі бар нысандар болмауы тиіс. Көрермендер фейерверк жіберетін жерден 35-50 метр қашықтықта жел жоқ жағында тұруы керек. Өйтпегенде, өнімнің жанбаған бөлшегі ұшып келуі мүмкін. Өнімді қолда іске қосуға болмайды. Жанғыш заттар бар жерде ашық отты пайдалануға кеңес берілмейді. Бенгаль оты бұл да ашық от. Түтіктің температурасы 2 мың градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан, оны жанатын материалдардан алыста пайдалану керек. Пиротехниканың кез-келген түрі адам денсаулығына зақым келтіретін қауіпті зат екенін естен шығармау қажет,–деді полковник өз сөзінде.

Пиротехникалық өнімді сату республикалық заңнамамен бекітілген нормативтік құжаттар талабына жауап беретін сауда нысандарында рұқсат етіледі. Пиротехникалық заңсыз сауда фактісінің алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері жергілікті полиция қызметі және БАҚ өкілдерімен бірге пиротехникалық өнімді сақтау және сату орындарына рейд жүргізуде.

–Тексеру кезінде өнімнің сапасына, сертификаттың барлығына, сақтау ережесіне, сақтау және сату орнының сәйкестігіне, нормативтік құжаттар талабына ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні пиротехникалық өнімді заңсыз сатқандарға полиция қызметкерлері 28 әкімшілік материал толтырды. Сондай-ақ, 279 дана пиротехникалық өнім тәркіленді. Жалпы 24 жедел топ құрылды. Бұл жұмысқа 83 қызметкер тартылды. Шыршаны жылытатын электр аспаптарына алыс жерге құру керек. Оны май шаммен және тез жанатын заттармен безендірмеу қажет. Зауыт шығарған электр гирляндтарын пайдалану дұрыс. Пиротехникалық өнімді бөлме ішінде пайдаланбау керек,–деген полковник Манарбек Шапағатов газ қондырғыларын пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтауды тағы бір еске салды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар