Ақмола облысында мал шаруашылығы саласына субсидияны қалай алуға болады?

Ақмола облысында мал шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік қолдау аясында мал шаруашылығын субсидиялауға 10,6 млрд.теңге, ағымдағы жылы – 4,6 млрд. теңге бөлінді.

Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар екі негізгі бағыт бойынша беріледі: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау асыл тұқымды малды, асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың құсын және ұрығын сатып алуды, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді, ірі қара мал мен қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды субсидиялау сияқты негізгі ұстанымдарды қамтиды.

Мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға субсидиялар сүтті, құс етін, тағамдық жұмыртқаны өндіруді және өткізуді субсидиялауды, сондай-ақ бұқашықтарды бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына өткізуді субсидиялауды білдіреді.

Мал шаруашылығы саласында субсидиялар алу үшін subsidy.plem.kz порталында субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (САЖ) арқылы көрсетілетін «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметі көзделген.

Өтінімдерді қарау тәртібі, сондай-ақ субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында айқындалған.

Субсидия алу үшін өтініш берушілерге ЭЦҚ көмегімен Рlem.kz порталында селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық базасында тіркелу қажет, онда таңдалған субсидиялау бағытына байланысты қажетті ақпарат (мал басы, зоотехникалық оқиғалар, жемшөпті, мал шаруашылығы өнімдерін талдау нәтижелері және т.б.) енгізіледі.

Субсидияларды төлеу берген субсидияларды алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттарға сай келетін, берілген өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.

Өтінімді қарау мерзімі – оны САЖ-да тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні. Бұдан әрі тауар өндіруші көрсеткен тіркеу кезінде электрондық пошта мекенжайына және көрсетілетін қызметті алушының САЖ-да «жеке кабинетіне» субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

Өтінім қабылданғаннан кейін, егер қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы айда субсидиялауға ақшалай қаражат болса, қаражатты алушылардың шоттарына аудару 2 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Ағымдағы айда қаражат болмаған жағдайда, төлем келесі айда жүргізіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар