Мемлекеттік аппарат реформалардың орындаушысы

Елімізде мемлекеттік аппараттың әлдеқайда бейімделгіш, ұтқырлы және бәсекеге қабілетті моделін құруға бағытталған ауқымды шаралар тұрақты негізде қабылдануда. Бұл өзгерістер – қазіргі заман талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында мемлекеттік аппараттың рөліне берген бағасы осының айқын бір дәлелі: «Мемлекеттік аппарат реформалардың қозғаушы күші және орындаушысы, азаматтарға маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекет мемлекеттік аппаратсыз өмір сүре алмайды». Оның үстіне Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу жүйесін одан әрі дамытып, артық бөгеттерді жоюға және қызмет бойынша көтерілуге зор назар аударылу керектігін ескертті. Жалпы мемлекеттік қызмет әрбір қазақстандық үшін ашық болу керектігін айтты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет, нақтырақ айтқанда ондағы іске асырылып жатқан кадр саясаты біршама жоғары деңгейге көтеріліп, жаңартылды. Мемлекеттік қызметтің меритократия қағидатына негізделген мансаптық моделі сәтті іске асырылып келеді. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің біліктілігі, құзыреті, қабілеттері, жетістіктері және өз лауазымдық міндеттерін адал орындауы есебінен мансаптық ілгерілеу мүмкіндігіне ие. Атап айтқанда, 2021 жылы жергілікті атқарушы органдарда өткізілген ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша 116 мемлекеттік қызметші тағайындалса, олардың 67,2%-ы жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Бұл адал еңбекті әділ бағалау жұмысының дұрыс арнаға бағытталғанын көрсетеді.

Тәлімгерлік пен тағылымдама сияқты институттар өздерінің нәтижелілігін көрсетуде. 112 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалып, 107 мемлекеттік қызметші тәлімгерлікпен қамтылды. 81 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті.

Облысымыздың мемлекеттік органдарында үш мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Олардың сапалық құрамы жылдан жылға артып келеді, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің 88,8% жоғары кәсіби білімге, соның ішінде 15,1% екі немесе одан артық жоғары білімге ие, олардың қатарында ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, жоғары білімнен кейінгі және шетелдік білімге ие тұлғалар бар.

Кадрлардың ауыспалылығын төмендету бойынша оң үрдіс жалғасуда. Ағымдағы уақытта мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткендердің саны 4,1%. Лауазымдағы жұмыс істеудің орташа өтілі 4,7 жылды құрайды, бұл мемлекеттік аппараттың тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін жедел әрі сапалы қарауға ерекше назар аударылады.

Облыстың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша жұмысы өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары бағаға ие. Қоғамдық мониторинг көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жоғары қанағаттану деңгейін көрсетті.

Өз қызметінде Департамент халықпен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның шеңберінде өткен жылы 11,5 мыңнан астам адамды қамтумен 212 іс-шара ұйымдастырылды. Онлайн форматта азаматтарды қабылдау жүргізіліп, көтерілген мәселелер шұғыл қаралады. Ақпараттық-түсіндіру жұмысында бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстардағы ресми парақшалар қолданылады. Жергілікті Kokshe TV телеарнасында телевизиялық бағдарламалар, сюжеттер, тікелей эфирлер шығып отырады.

Білікті кадрларды даярлау мемлекеттік басқару саласы үшін әрдайым өзекті міндет болып қала береді. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер үнемі қайта даярлаудан, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен екінші рет Президенттік жастар кадр резерві жасақталды. Бұл жоба жас мамандарды дамыту, олардың әлеуетін іске асыру мақсатын көздейді. Департамент аталған жобаны іске асыру бойынша кеңауқымды ақпараттық – түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 407 ақмолалық азамат іріктеуге қатысты.

Жастарға бағдарланған жобалардың тағы біреуі – Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі. Бұл мектеп дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларына ие болуға мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Айта кету керек, 2018 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл мектепті бүгінгі күнге дейін 299 студент сәтті аяқтады. Олардың арасында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Гуманитарлық – техникалық академияның студенттері бар. Жалпы осы бағытта аталған жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Атап айтқанда Департаменттің, жоғары оқу орындарының және мемлекеттік органдардың арасында үшжақты меморандумға қол қойылып, соның аясында соңғы курс студенттерінің мемлекеттік органдарда кәсіптік тәжірибеден өтуі ұйымдастырылуда. Осы үйлесімді жұмыстың арқасында студенттер мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен қағидаттарын түсініп, кәсіби құзыреттер қалыптастырады және біліктіліктерін арттырады.

Заманауи Қазақстанның мемлекеттік аппараты қоғамның сұраныстарын тиімді қанағаттандырып, әрбір азаматтың өмірін жақсартуға ықпал етуге талпынады. Бұл үшін мемлекеттік қызметшілер жоғары моральдық қасиеттерге, басқарушылық талантқа ие болуы, ыждаһатты және сындарлы болуы, халыққа адал қызмет етуге, өздеріне міндеттемелер мен жауапкершіліктерді алуға дайын болуы тиіс. Осы орайда өзіміздің жұмысымызды одан әрі жалғастырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздейміз.
Берген Беспалинов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

 298 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар