Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына ұшып келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті. «Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ» делінген мәліметте.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар