Алғыс айту күні ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, қоғамда белсенділіктерімен танылып, өңіріміздің дамуына елеулі үлестерін қосып келе жатқан ел ағаларын қабылдап, оларға осы берік ұстанымдары үшін ризашылығын білдірді және мерекелік медальдармен марапаттады.

Алғыс айту мерекесі – елдегі тыныштық пен береке, сенім мен ізгілікті айғақтайтын айтулы күн. Бұл мейрамның бір күнде ғана емес, жыл бойы да маңыздылығы зор. Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың елге еңбегі сіңген ардагерлерді жинап, оларға өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласында қол жеткен жетістіктер туралы айтып, алғысын жеткізуінің сыры да міне, осында.

–Баршаңызды бүгінгі ризашылықтың мерекесі – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – бәріміз үшін ең алдыментыныштық пен татулықтың, бірлік пен өзара құрмет көрсетудің мейрамы.Осы мереке күні мен ең бірінші сіздермен – Ақмола өңірінің абыройлы ақсақалдары, ақылшы ағаларымен кездесіп отырмын.Өйткені, сіздер кезінде өңіріміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып, бүгінгі бейбіт күнді сақтау, баянды ету жолында әлі де аянбай еңбек етіп келесіздер,–деді бұл орайда, облыс әкімі.

Еліміздіңбасынанөткен қаңтарқасіреті,көршіелдерде
болып жатқан саяси-әскери жанжалдар әлі де бейбітшілік ұғымының нәзік екенінің дәлелі. Сондықтан да, баршамыздың басты мақсат-мұратымыз – қалыптасқан қазақстандық бірегейлікті нығайту, этностар татулығын сақтау және де рухани бірлік идеяларын одан әрі тарату.Біз осы мақсатқа бірлесіп қана жете аламыз.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Атбасар, Сандықтау аудандарының «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дин-Магомед Адамович «Халық алғысы» медалімен наградталды. Ал, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен 8 ардагер марапатталды. Олардың ішінде білім саласының құрметті ардагері Тельман Мұқышев,А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сағынтай Елубаев,Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Хабиболла Ғазизов бар.

–Бүгін біз Қазақстан халқына үлкен рахмет айтамыз. Өзімің атымнан ғана емес, татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің, елімізде тұрып жатқан барша ұлттар мен ұлыстардың атынан алғыс айтқым келеді. Менің балаларым, немерелерім осында өсіп, өнді. Бүгінде барша қазақстандықтардың тілегі бір. Елімізде тыныштық болсын.Қазақ халқының жақсылығы әрқашан есімізде, ақ алғысымыз шексіз, –деді өз сөзінде татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, білім саласының ардагері Рафаил Сулькарнаев.

Иә, ылайым солай болсын!

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар