Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылы ілтипат жүректерді тербеді - АРҚА АЖАРЫ

Жылы ілтипат жүректерді тербеді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы жылдары тылда  еңбек еткен ардагер аналардың үйлеріне барып, оларды шуақты көктем мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Әкім тарапынан осындай құрмет қысы-жазы облыс орталығы Көкшетау қаласының тазалығы үшін тер төгіп жүрген нәзік жандылар мен «Аналар үйінде» тұратын жас аналарға да көрсетілді.

Тыл  еңбеккері Көпей Омарқызы 92 жасқа толса да, бала-шағасының бағып күтуімен, немересінің қолында әлі тың отыр екен. Тіпті, іс тігіп, газет-жорнал оқиды. Көршілес Келлер ауданының Мәдениет ауылында 1930 жылы дүниеге келген ол Ұлы Отан соғысы жылдарында 11-12 жасында сыныптастарымен бірге соқа жегілген өгізге мініп, егістіктің арам шөбін жұлып, масақ теріп, бидай тасып, үлкендерге қолғабыс еткен. 1949 жылы Балапай Дүйсеновке тұрмысқа шығып, екеуі 7 бала сүйген. Өкінішкі орай, өмір бойы мұғалім, мектеп директоры болып қызмет істеген ері 1983 жылы алпысқа да  толмай өмірден ерте озыпты. Көпей әжей 7 баладан 18 немере, 24 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр. Досхан атты шөпшегін мейірлене иіскеп қойып, өзін құттықтауға келген өңір басшысына осылайша өмір-тарихын әңгімелеп берді қария.

–Сіздің ел үшін жасаған еңбегіңіз ешқашан ұмытылмайды. Ұл-қыздарыңызды өсіріп, немерелеріңізге, шөберелеріңізге бас-көз болып, бала тәрбиесімен айналысып, көрген-білгеніңізді ұрпағыңызға үйретуден жалықпай келесіз. Бұл – қоғамға қосқан зор үлесіңіз болып саналады. Сіздің өмір жолыңыз жастарға өнеге. Енді мынау алдыңызда отырған Досхан шөпшегіңіздің қызығын көруге жазсын! – деген облыс әкімі әжейге сый-сияпат ұсынды.

Любовь Никифоровна Жерновая болса, 1935 жылы дүниеге келген. 1959 жылы Ростовтың жеңіл тамақ өнеркәсібі институтын бітірген. Оған қоса 1980 жылы бухгалтерлер курсын тәмамдапты. Көкшетаудағы бұрынғы оттегімен тыныстау аппаратуралары заводы, қазіргі «Тыныс» акционерлік қоғамында 25 жыл еңбек еткен. Балалық шағында соғыс қиыншылығын бір кісідей көрген жанның айтар естелігі көп. Әкім қолынан мереке қарсаңында сыйлық алып, құттықтау тілегін естіген ана оған алғысын жаудырып: «Елімізде тек қана тыныштық, бейбітшілік болсын! Қаламыздың бүгінгі кейпі керемет. Сізге өте ризамын, істеріңізге сәттілік тілеймін!» деп тебіренді.

«Ана үйіне» келген әкім оның тұрғындары – жас аналар мен бөбектерді мерейлі көктем мерекесімен құттықтап, оларға керек бұйымдар мен жабдықтар сыйға тартып, жай-күйлерін білді. Бұл жерді тағдыр тауқыметін тартып, тарыққан жандар бір немесе бір жарым жыл ғана паналайды екен. Өңір басшысына олар одан әрі жатақхана бөлмесі болса да, бір шағын баспанамен көмектесуді сұрады.

– Ол мәселемен айналысатын боламыз. Қол ұшын береміз, айтқан сөздеріңізді жауапсыз қалдырмаймыз, – деп жауап берді басшы.

Одан кейін облыс басшысы облыс орталығының тазалығын қадағалап, көшенің қар-мұзын күреп жүрген қыз-келіншектерден амандық-саулық сұрасып, оларды мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын және сыйлықтар ұсынды.

Серік Сапарұлы,

                                  «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суретті түсірген Айбек Данияров.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар