ҚАПШАҒАЙҒА ҚОНАЕВ ЕСІМІН БЕРУДІ ҰСЫНСА, МЕН БҰЛ ПІКІРГЕ ҚОСЫЛАМЫН – ПРЕЗИДЕНТ

Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Мен мұның бәрін азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне сүйеніп айтып отырмын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса осы бастамаларда таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты мәселелерді мұқият саралап, оны іске асыру жолдарын ұсынуды тапсырды. «Бұл оңай шаруа емес. Оның бәрін жан-жақты ойластырып, байыппен жасауымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар