ПАРТИЯНЫ ТІРКЕУ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖЕҢІЛДЕЙДІ. ТІРКЕУ ШЕГІ 20 МЫҢНАН 5 МЫҢ АДАМҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТІЛЕДІ – ЖОЛДАУ

Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Ал өңірлердегі өкілдердің саны үш есеге төмендеп – 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Партияны құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны 1000 адамнан 700-ге дейін азайтылады», – деді Мемлекет басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар