Наурыз – думан, Наурыз той!

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының  берген мәліметіне сүйенсек,  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысында бір мыңнан астам мерекелік іс-шара өтеді.

    

Мерекелік онкүндікте ақмолалықтар көне салт-дәстүрлер жаңғырған көптеген іс-шаралардың куәсі болмақ. Айшықтап айтар болсақ,  «Наурыз көже» байқауы, отбасылық ансамбльдер концерті, ұлт аспаптар ансамбльдерінің фестивалдері, «Келіндер»  мен «Әжелер», «Бата беру» байқаулары, көшпелі қайырымдылық концерттер, акциялар, ұлттық киім кию челлендждерді және тағы басқа мәдени-көпшлік іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Осы іс-шаралар күні кеше Көкшетау қаласындағы «РИО» сауда ойын-сауық орталығындабастау алды. Ақмола облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары қатысқан интерактивті мерекелік бағдарламаға «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі (жетекшісі Дәурен Біржанов), «Көркемтау» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қайрат Нұрмұқанов), халықтық ардагерлер хорының вокалдық тобы (жетекшісі Светлана Пушкина), «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері Дильназ Мәлікова және Арай Нығметжанова (жетекшісі Марина Даутова), «Шалқыма» халықтық би ансамблі (жетекшсі Айдана Батталова), вокалдық квартет (жетекшісіҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова), саксофоншы Вадим Белый, дәстүрлі әнші Төлеген Аманов және тағы басқа өңіріміздің жас өнерпаздары қатысты.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның осындай ән мен күйге толы думанмен басталуы заңды да. Себебі, қазақ ежелден «Наурыз – думан, Наурыз той!», деп әз Наурызды жыл басы санаған.Қала халқына мерекелік көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларойын-сауық сауда орталығына келушілерге бауырсақ ұсынып, ақжарма тілектерін арнады.

                                                              Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ, 

                                                                «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар