Әз Наурыздың керемет той-нақышы

Әз Наурыз – табиғаттың және өмірдің жаңару кезеңі. Көп ғасырлық тарихы бар мына біздердің Орта Азия халықтарының жаңа жылы. Биыл «Көкшетау Энерго» компаниясында осы Наурыз мейрамын ерекше атап өту туралы шешім қабылданды.

Наурыз мейрамымен қауышқалы отырған халқымыздың тағы бір ізгі мұраты қасиетті қазақ жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау болып табылады.

Апта бойы, наурыздың 14-інен 18-не дейін компания қызметкерлері «Ұлттық киім аптасы» акциясын өткізді. Егер өткен жылы кеңсе қызметкерлері және техникалық қызметкерлер тек қазақтың ұлттық киімдерін киіп,  келсе, биыл басшылық мерекені халықаралық үлгіде өткізу, яғни, қызметтер мен бөлімдер арқылы бір-бір ұлтты көрсету туралы шешім қабылдады. Мәселен, бухгалтерия украин, қосалқы станция қызметі татар, релелік қорғаныс және автоматика қызметі өзбек, инновациялық даму бөлімі грузин, ал, өндірістік-техникалық қызмет және заң басқармасы ұлттық нақышқа сай  жұмыс орындарын безендірді. Іс тек кабинеттерді безендірумен аяқталған жоқ, әр  бөлім сол  ұлттардың ас мәзірін көрсетуге тырысты.

Компаниядағы Наурыз мейрамы «Көрісу күнінен» басталды. Бұл бір-біріне барып қауышу және көктемнің келуімен құттықтау рәсімі. Біздің жағдайда компания қызметкерлері бір-бірінің үйлеріне емес, бөлімдер мен қызметтерге қонаққа барды.

Барлық іс-шаралардың бастауы Қыдыр ата болды, ол мерекенің маңызы туралы айтып, жылдан-жылға отбасымыздан амандық-саулық кетпеу үшін бата берді.

Көрісу күні компанияның заң басқармасы қазақ халқының достығы мен қонақжайлығын, сондай-ақ, елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өзара достығы мен өркендеуін көрнекі түрде көрсетіп шықты.  Одан кейін аталмыш басқарма «Тұсау кесу» салты және Наурыз көжені әзірлеу, сондай-ақ, басқа да ұлттық тағамдарды дайындау барысынан көрініс көрсетті. Іс-шара соңында қатысушылар «Қара жорға» биін орындап, компания әйелдері арасында «Қоржын ашу» көрінісін ұйымдастырды.

Әлемде болып жатқан оқиғалар аясында компанияның бухгалтерлері мен қаржыгерлері украин халқының бай ұлттық мәдениеті мен өнерін кеңінен көрсетті. Біз украин халқының не үшін танымал екенін жақсы білеміз, бұл ел көңілді әндер мен билер, бай дастархан және достық мекені.

Компания қызметкерлері өз іс-шараларында жаппай ұлттық киім кию, халық ойындарын ұйымдастыру, ұлттық музыканы қастер тұту, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту және оның жастар арасында маңыздылығын насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды танымал етуге баса назар аударды.

Сондай-ақ, қызметкерлер арасында халықтық сәндік-қолданбалы өнер түрі бойынша «Наурыз тойы – мереке, салт дәстүрім – береке» байқауы көрмесі өтті. Ондағы жұмыстар әр түрлі техникада орындалды. Барлығы 20-дан астам бұйым қойылған байқауға тек қызметкерлердің өздері ғана емес, олардың балалары да қатыса алды. Байқаудың барлық қатысушыларына серіктестіктің кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Наурыз мейрамын мерекелеудің келесі күні кәсіпорында 25 жылдан астам жұмыс істеген және өңірімізде электр энергетикасының дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Осы айтулы күні «Көкшетау Энерго Ардагері» медалімен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақысы бар дипломдармен және сертификаттармен компанияның 18 қызметкері марапатталды.

Одан әрі бағдарлама бойынша Құрмет тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған жемісті кәсіби қызметімен кәсіпорынның дамуына қомақты үлес қосқан 17 үздік қызметкер кірді. Құрмет тақтасына үміткерлерді ұсыну жыл сайын жүргізіледі және тақта Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында жылына бір рет жаңартылып отырады. Бұған қоса, негізгі іс-шаралармен қатар, компанияның барлық қалалық және аудандық бөлімшелері арасында үстел теннисі мен шахматтан спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Еркін СЕЙІТОВ,

«Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серікестігінің

баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар