Биыл өңірде 10 индустриялық жоба іске қосылады

Ақмола облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметінше, биыл өңірде Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 1,9 мың жұмыс орнын құра отырып, 144,8 миллиард теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде Бурабай ауданындағы жылдық қуаты 5 миллион тонна алтын өндіру фабрикасы, жылдық қуаты 25 мың тонна болатын Макинск құс фабрикасының үшінші кезеңі сияқты бірқатар ірі жобалар бар.

«Экономикалық белсенділіктің драйвері инвестициялардың өсуі болып табылады. 2010 жылдан бастап іске қосылған ИИДМБ жобаларының арқасында темірбетон құбырлар, сфералық подшипниктер, сирек кездесетін металдар, кешенді биотыңайтқыштар, алкогольсіз сусындар, биг-бэг типті қаптар, цемент, ауыл шаруашылығы және коммуналдық техника тәрізді бұрын облыс аумағында шығарылмаған жаңа өнімдердің өндірісі жолға қойылды» – дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасынан.

Айталық, облыста 2010 жылдан бастап 428,8 миллиард теңгеге 110 астам жоба жүзеге асырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар