Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мол өнімнен үміт бар - АРҚА АЖАРЫ

Мол өнімнен үміт бар

Қар көбесі сөгіліп  , күн «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып, көктем лебі сезілгендей. Демек, диқандардың қарбаласының басталар шағы да алыс емес.

Бар үмітті ақтайтын ерінбеген еңбек екенін білетін олар, қыс күндерін де тегін өткізген жоқ. Облыстың барлық аудандарында қар тоқтату жұмыстары қызу жүргізілді. Одан келер пайданың көп екені белгілі.

Биыл облысымыз бойынша 5 миллион 100 гектар жерге дән сіңіру жоспарланған. Оның 4 миллион гектардан астам аумағына бидай , 185 мың гектарына жемшөп дақылдары егілмек. Қалған 20 мың гектар жерге картоп пен көкөніс егіледі. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 68 мың гектарға артық алқап. Ал, тұқым толықтай тексерістен өткен. Себуге жарамды.

–Жалпы, 530 мың тонна тұқым дайындалды. Шаруашылықтар тыңайтқыштар алуда. 35 мың тоннаға минералды тыңайтқыштар алуға келісім-шарт жасалды. Үкімет тарапынан 72 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. Техникалық база жаңартылып, тауар өндірушілерге субсидия беру мәселесі де толықтай қарастырылды.Тұқым шаруашылығына 789 миллион теңге, тыңайтқыштарға 3 миллиард 171 миллион теңге бөлінген, ал пестицидтерге 8,1 миллиард теңге қаражат бөлінген, – дейді Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім меңгерушісі Медет Досжан.

Осындай жан-жақты дайындықпен, көктемгі егіс науқанына тас-түйін дайындықпен келген облыс диқандары алдағы күзгі мол өнімнен үмітті.

                                                                       Серік САПАРҰЛЫ,

                                                   «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар