Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы 561 мың теңгеге дейін көтеріледі – министр - АРҚА АЖАРЫ

2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы 561 мың теңгеге дейін көтеріледі – министр

2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 561 мың теңгеге дейін көтеріледі және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студентерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар кездесуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры, доктор Ханс Хенри Клюге қатысты. «Денсаулық сақтау жүйелеріміздің болашағы: алғашқы медициналық-санитариялық көмектің беделі, мотивациясы, құзыреттері» атты кездесуге ДДСҰ Еуропалық бюросының аймақтық директоры Ханс Хенри П. Клюге (Hans Henri P. Kluge), Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинваль (Carolyn Clarinval), ДДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб, Өзбекстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Амрилло Иноятов қатысты. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінгі таңда 8 жоғары оқу орны республиканың білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген 60-тан астам медициналық мамандық бойынша білім береді.

«Жыл өткен сайын мамандықтың беделі артып, медицинаға қызығушылық танытатын жастар көбейіп келеді. Медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын 9 мыңнан астам маман бітіреді. 2021 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі грант құнын өсірді, бұл медициналық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын, жүйелі түрде арттыруға көбірек көңіл бөлінуде. 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 561 мың теңгеге дейін көтеріледі және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады»,- деді министр.

Сонымен қатар, ол Алғашқы медициналық-санитарлық көмек үнемі жетілдіріліп отыратынын тілге тиек етті. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерінің мүмкіндіктерін күшейту –денсаулықты жақсартудың негізі»,- деді ол. ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық директоры доктор Ханс Клюге студентерге лекция оқыды. Оның айтуынша, жас мамандардың прогреске жетелеу және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті өзгертудегі әлеуеті орасан зор «Біз сіздерді көшбасшы болады деп сенеміз. Денсаулықтың болашағы жастарға байланысты. Сіздердің ынта-жігерлеріңіз және өзгерістер үшін құлшынысыңыз бізге қолдау»,- деді ол. Сонымен қатар, доктор Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көптеген елдер ұмтылатын Денсаулық сақтау жүйесінің барлық мақсаттарына қол жеткізудің кілті екенін жеткізді. «Ауруды ерте анықтауға және емдеуге баса назар аудару арқылы теңсіздікті азайтуға болады.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек прогресті жеделдету арқылы өлімді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл біздің Еуропалық аймақ және Қазақстан үшін өте маңызды. Қазақстан басшылығы әлемге алғашқы медициналық-санитариялық көмекті нығайтудағы тұжырымдамадан іс-қимылға көшудің үлгісін көрсетіп отыр»,- дейді доктор Ханс Клюге. Спикердің сөзінше, Қазақстан көптеген елдер үшін МСАК рөлін ілгерілетуде көш бастап тұр. «Пандемияның ауыр сабақтарының арқасында елдер денсаулық сақтаудың тұрақты жүйелерін алу үшін бізге мықты, жақсы ресурстармен қамтамасыз етілген және жедел әрекет ететін алғашқы медициналық-санитарлық қызметтер қажет екенін түсінді.

Қазақстан көптеген елдер үшін МСАК рөлін ілгерілетуде және МСАК қызметтерін практикада ұсыну моделін трансформациялауды қамтамасыз етуде эталонға айналды»,- дейді ол. Айта кетейік, кездесу ашық интерактивті форматта өтті. Студенттер мәртебелі қонаққа сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Еске салайық, бүгін ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанға келді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар