Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы ауданына су тасқынын алдын алу бағытында жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету үшін қосымша күштер жіберілуде.
«Бұл жолы Аршалы ауданына апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 3 техника, мотоқайық, 5 жылжымалы мотопомпамен жасақталған 12 адамнан тұратын құтқарушылар тобы аттанып отыр», – деп атап өтті Бурабай ауданының ТЖБ бастығы Қанат Бабаев.
Ақмола облысындағы гидрологиялық бекеттер аумағындағы су нысандарында мұз қабаты әлі ери қойған жоқ. Су тасқынының қаупі арта түскен жағдайда өзге облыстардан қосымша құтқарушылар тобы көмекке шақырылатын болады.