Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрғақ шөпті өртеген екі ер адам ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

Құрғақ шөпті өртеген екі ер адам ұсталды

Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы қат-қабат жұмыстардың жүріп жатқаны белгілі. Көп күш, техника сонда тартылып жатыр. Қауіпті аймақтардан жүкті әйелдер, ауыр науқасы бар адамдар қауіпсіз елді мекендерге шығарылуда, жүкті әйелдерден алдын ала ауруханаға жатқызылғандар да бар. Өзен арналары үздіксіз бақылануда. Енді, міне, оған қоса дала өрттері басталды. Оның қаупі де жеткілікті. Өртті тез өшіріп, таралып кетпеуін қадағалау керек.

Жақында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері орманды дала алқаптары бойынша профилактикалық рейдтерге шыққан болатын. Сол рейд барысында Көкшетау қаласының маңында  құрғақ шөпті өртеген екі ер адам ұсталды.

Олар бұл әрекеттерін «ескі шөптің орнына жайылымға қажет  жаңа, жасыл шөптің  өсуі үшін осылай істеп жатырмыз», – деп түсіндірген. Құрғақ шөпті сол үшін өртеген-міс. Өрт сөндірушілер де ауыл шаруашылығында бұл әдіс қолданылатынын атап өтті. Алайда, мұндайда төтенше жағдайлар департаментіне ескертіліп, қажетті техниканы даярлап қою арқылы өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтай отырып, бақыланатын өрт қою жұмыстары жүргізіледі. Қолға түскен екі адам ондай қауіпсіздікті жүзеге асырмаған. Сол себепті ол адамдарға «Бұқпа» КММ орман шаруашылығы мекемесі тәртіп бұзушылар ретінде 61 260 теңгеден айыппұл салды.

Сонымен қатар, өрт қауіпі туындаған кезеңде облыс аумағын патрульдеу үшін Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, жергілікті полиция қызметі және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінен 209 адамнан тұратын 58 мобильді топ құрылды. Олар облыс аумағында өрт қауіпі бар кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғысынан күнделікті негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.  Өткен аптада департамент бөлімшелерімен 16 рейдтік іс-шара өткізілді, өртке қарсы талаптарды бұзғаны үшін екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, облыста өрт қауіпі бар кезең басталды. Облыс тұрғындары осы маусымда қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы қажет. Облыста орманды дала аумақтарының жану қаупі жоғары. Орманда от анықталған кезде, басты міндет – өрттің күшейіп, таралуына жол бермеу. Өртті өз бетіңізше сөндіру мүмкін еместігін көрген жағдайда, бұл туралы «101» немесе «112» телефоны бойынша өрт күзетіне дереу хабарлауыңыз қажет.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар