Тайтобе  ауылын қоқыс басып барады

Бүгінгі күні облыста заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарының саны жеткіліксіз және өкінішке орай, бірде-бір қоқыс өңдеу зауытының жоқтығы өткір экологиялық мәселелердің бірі болып қала бермекші.  Облыс аумағында 130 ҚТҚ үйіндісі бар болса, оның ішінде тек 24-інде ғана рұқсат құжаттары бар.

Тұрмыстық қалдықтар көбінесе қала немесе елді мекен сыртындағы полигондарға шығарылады. Сонымен қатар, полигондардың аумағы тез өсіп, жақын арадағы елді мекендерге жетуде. Полигондардың салдарынан қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлауы адамдардың денсаулығына теріс әсер етіп,  қауіпті ауруларға әкеліп соғуда.

Осылайша, көптеген жылдар бойы Тайтөбе кентінде де рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі пайда болды. Жалпы, осы елді мекен орналасқан Целиноград ауданы Елорда маңындағы аймақ болып табылады және бұл экологиялық мәдениет тұрғысынан осы өңірге белгілі мақсаттар мен міндеттер қояды. Тайтөбе кентінде пайда болған қоқыс үйіндісіне Нұр-Сұлтан қаласының да тазалыққа бейжай қарайтын тұрғындары кері әсер етуде. Бұл арада, қалаға жақын орналасқан ең жақын елді мекенге қарай кең далаға шығу және онда қоқысты тегін тастау оңай. Мұны Нұр-Сұлтан қаласының жеке және заңды тұлғалары жақсы біледі әрі солай  жасайды.

Экологиялық кодекстің 365-бабының 4-тармағына сәйкес аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты былайша іске асыруда:  коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету; коммуналдық қалдықтарды жою және көму бойынша объектілер құрылысын салуды қамтамасыз ету; осы Кодекске, коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес коммуналдық қалдықтардың айналысына бақылауды жүзеге асыру; коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою бойынша қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, соның ішінде бұл жұмысты  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы атқару.

Заңның осы нормасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар яғни, аудандық әкімдік ҚТҚ үйінділері бойынша жұмысты ұйымдастыруы тиіс.

2021 жылы Экология департаменті тексеріс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқықтық бұзушылық туралы Кодексінің 344-бабы бойынша рұқсатсыз орналастырылған қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін Целиноград ауданының ТКШ басшысының міндетін атқарушы В.Асамбаев әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 2022 жылы осындай бұзушылық үшін аудан әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент 2021 жылы Тайтөбе кентінде ҚТҚ қалдықтарын заңсыз орналастыруға қатысты қоқыс шығарушы компания «Қосшы тазалық» ЖШС-іне қатысты тексеру жүргізді. Нәтижесі бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылғы 18 және 28 наурыз күндері департамент басшысы Қ.Бейсенбаев аудандық әкімдік, мәслихат, ТКШ бөлімінің өкілдері, Тайтөбе ауылдық округінің әкімімен бірлесіп, аумағы 100 гектарға жуық рұқсатсыз орналастырылған үйінділер мәселесін шешу бойынша Тайтөбе ауылына барды. Кездесуге ауыл тұрғындары да қатысты.

Экология департаменті әкімдікке коммуналдық тұрмыстық қалдықтар саласындағы заңға нақты түсініктеме берді және осы мәселе бойынша шешім қабылдады.

Осы сапарлардың қорытындысы бойынша Целиноград ауданының әкімдігіне рұқсатсыз орналастырылған қоқыс тастайтын жерлерді жою үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Целиноград ауданының әкімдігі иесіз орналастырылған қоқыс үйінділерін жоюға арналған сметалық құжаттаманы есептеу үшін көлемдерін белгілеу бойынша жұмыстарды қолға алды. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз анықталғаннан кейін Тайтөбе ауылы маңындағы үйінділерді сұрыптау және одан әрі қалпына келтіру жолымен жою жұмыстары басталады. Жоғарыда аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін аумаққа шлагбаум қойылады.

Аудандық әкімдік осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет. Әзірше жұмыс төмен деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі таңда әкімдік полигонның құрылысын салу үшін жер телімін бөлген жоқ, ал, бұл осы мәселені шешудің алғашқы қадамдарының бірі болып табылады. Өйткені полигон жойылғаннан кейін бұл жерде қайтадан жаңа полигон пайда болмайтындығына кепілдік жоқ.

Күләш РАХЫМОВА,

Ақмола облысы бойынша экология

департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар