Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері

Ақмола  облысы  бойынша 20 тілдерді оқыту орталығы  жұмыс  атқарады. Биылғы оқу жылында мемлекеттік тілді оқуға 288 топ ашылып, 3124 тыңдаушы қабылданды. Ағылшын тілін оқуға 56 топ ашылып, 597 тыңдаушы қабылданды.

«Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жұмыс атқарып келеді. Бес деңгейлік Ұлттық стандарт пен Бір үлгі бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді оқытудың үш деңгейлік жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес «Қазтест» жүйесінің оқу-әдістемелік кешенін қолданамыз.

Алайда, соңғы кезде тыңдаушылардың талабы таза кәсіби бағыт бойынша оқытуымызды сұрайды. Бұл талап орынды деп ойлаймын.

Сондықтан болашақта: —     Мектеп бағдарламасында тілге баса назар аударып, сағат санын көбейтіп, он бірінші сыныпты бітіріп,  ҰБТ тапсырғанда қазақ тілді білу деңгейі нақты анықталуы керек;

—         Жоғары оқу орнында мектептен алған тіл білу деңгейін ары қарай жүйелі түрде дамытып, жалғастырып, кәсіби саласы бойынша мемлекеттік тілді жақсылап меңгертсе және соңғы емтиханда қазақ тілін білу деңгейі қатаң сыналса;

—         Кәсібі бойынша мемлекеттік қызметке орналасарда тапсыратын тестке мемлекеттік тілді білу сынағы  жалпы балына міндетті түрде қосылса.

Тілдерді оқыту орталықтары 360 сағат тыңдаушының алған білімін қайтадан басынан бастап қайталатпай, 60 немесе 120 сағаттық кәсіби сала бойынша оқытып, сол кәсіптің лексикалық минимумын толықтырып, кәсібі бойынша құжат айналымын үйретіп, тілін әбден жаттықтырсақ, қаражатқа да уақытқа да үнем болар еді.

Бұған ешқандай реформаның керегі шамалы, тек  әркім өз жұмысын мұқият орындаса болғаны. Тілімізді дамытамыз деп, әрқилы тәжірибелер жасай бергенше, — «Тілді білу – міндет, тілді білмесең, мемлекеттік қызметке орналаса алуың мүмкін емес», — дейтін кез баяғыда-ақ, пісіп жетілген.

Қадірлі тіліміздің қасиетін жоғалтып алмайық!

 Қаратай Төлекеев,

Ақмола облыстық

 оқу-әдістемелік орталығының

 басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар