Бурабайда күй мектебі ашылды

Ұлттық құндылығымызды ұлықтап, төл өнерімізді насихаттау және жас ұрпақты оң тәрбиелеу мақсатында ауданда «Бурабай» күй мектебі ашылды.

Ақмола облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының жанынан ашылған күй мектебінің ашылу салтанатына облыстық мәдениет, архивтер  және құжаттамалар  басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова,  жергілікті зиялы қауым өкілдері  қатысты.

–Сан ғасырлар сорабынан атадан балаға мирас болған төл өнерімізді жас ұрпаққа үйрету парызымыз. Себебі, күй-тарих, күй- тағдыр, күй халық қазынасы. Осы бір бір асыл өнерді ұрпаққа мирас ету мақсатында ашылып отырған аталмыш өнер ордасынан әлі талай дүлдүл домбырашылар тәрбиеленіп шығады деп деген сеніміміз зор, – дей келіп, басқарма басшысы жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.

Іс-шара барысында Бурабай және Зеренді аудандарының «Оқжетпес сазы», «Сарыарқа» бірлескен домбырашылар ансамблі және Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің домбырашылар ансамблі «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп орындады.

Іс-шара соңында «Бурабай» күй мектебіне «Дегдар» гуманитарлық қорынан сыйға домбыралар табыс етілді.

                                                                  Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Бурабай ауданы.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар