Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ардақты ақмолалықтар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның күнтізбесінде бұл екі мерекенің қатар орналасуы кездейсоқтық емес. Бұл күндері біз өмірден өткен батырларды еске алып, бүгінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қызмет етіп жатқандарды құрмет тұтамыз.

Баршамыз үшін Жеңіс күні – ерекше мереке, мақтаныш пен даңқтың, қаһармандық пен қайсарлықтың символы! Өкінішке қарай, Ақмола облысында Ұлы Отан соғысының 10 ардагері ғана қалды. Бірақ бұрынғыдай әрбір отбасы үшін қан майданда  от кешкен немесе қаза тапқан, Жеңіс жолында тылда аянбай еңбек еткен аталар мен  әкелерінің орны ерекше.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әскери доктринасының таза қорғаныстық сипатқа ие екендігін, еліміздің бейбітшілік сүйгіш саясаты соның айғағы екенін бірнеше рет атап өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің республика әлемдік аренада бітімгершілікке ие мемлекет ретіндегі беделін нығайтты. Әйтсе де, армияның ел үшін аса маңызды екенін әрқайсымыз меніңше, қасіретті қаңтар оқиғасының қиын күндерінде жақсы түсіндік.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 30 жыл ішінде көптеген өзгерістерге ұшырады. Олар елмен бірге қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеріп, даму мен жаңғыру жолынан өтіп, бүгінде өздерінің тиімділігін паш етуде. Қазіргі қазақстандық армия жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейімен, жоғары сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен ерекшеленеді. Бұл – кез-келген сыртқы қауіп-қатерге қарсы берік қалқан, мемлекеттің тұрақты даму жолындағы сенімді тірегі.

Ақмола өңірі күні бүгінге дейін ар-намыстың, отансүйгіштіктің тұлғасы болып табылатын ержүрек сарбаздарымен және офицерлерімен әйгілі. Бұл – біз биыл жүз жылдығын тойлап жатқан шабуылдаушы ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдинов және даңқты академик жерлесіміз, ғылым докторы, профессор, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, біздің бірінші Қорғаныс министріміз Сағадат Нұрмағамбетов және тағы басқалары. Олардың Отан игілігі жолындағы ерлік қызметтері Отан қорғаушылардың жаңа буындары үшін мәңгілік үлгі.

Құрметті әскери қызметшілер!

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Сіздерге ерліктеріңіз бен Отанға деген сүйіспеншілігіңіз үшін, баға жетпес тәжірибеңіз бен өскелең ұрпақты азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін мың да бір рахмет. Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Қазақстанның бейбіт аспаны астында әрқашан бейбітшілік пен келісім орнап тұра берсін!

* * *

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 

Биыл біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы мен қатар Қазақстан Қарулы күштерінің  30-жылдығын атап өткелі отырмыз. 30 жылдан бері 7 мамыр күні біз дәстүрлі түрде Қарулы Күштердің ардагерлерін және елдің егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын барлық әскери қызметшілерді құрметтейміз. Бұл күн тек әскери қызметкерлер үшін ғана емес, барлық қазақстандық ерлер, ұлдар мен жеткіншектер, болашақ Отан қорғаушылар үшін де мерекелі күн болды.

9 мамырда  жыл сайын Ұлы Отан соғысында майданда  қаза тапқандарға және үйге оралмағандарға, тылда аянбай еңбек еткендердің жеңіске жетіп, соғыстан кейінгі жылдары елді құрғандарға құрмет көрсетеміз. Қазақстандықтар бұрынғы Кеңес Одағының барлық тұрғындарымен қатар осы қанды соғыста жоғары патриотизм, ерлік пен табандылық танытты.

Сол қорқынышты соғыстың қатысушылары арамызда азайып келеді. Бұл күндері қымбатты ардагерлерімізге ерлік пен қаһармандық үшін, қажырлы еңбегі, өмірлік даналығы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін тағы да зор алғысымды білдіргім келеді. Ұлы Жеңісті жақындатқандардың барлығына –  майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, жесірлерге, соғыс балаларына бас иеміз!

Құрметті жерлестер, сіздерді және жақындарыңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен және Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын, мықты денсаулық, рух сергектігі, оптимизм, ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін! Ержүрек және батыл адамдардың бұл мерекесі әрқашан бейбіт және қуанышты болсын! Біздің көп ұлтты республикамыздың аспаны ашық болсын, әр үйде бай-қуаттылық пен гүлдену орнасын, көңілді балалар күлкісі естілсін. Мереке құтты болсын!

Мұрат БАЛПАН,

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы  .

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар