Ержүрек майдангердің бірі

Елімізде ұлы Жеңісті ұрпаққа сый еткен қаhарман ардагерлер қаншама. Өкінішке орай, олардың басым көбі бұл күнде о дүниелік. Бүгін мен сіздерді туған атам Серікбай Жақыповпен таныстыруды жөн көрдім. Бұл кісі Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, ефрейтор. Майданда байланыс және телефон станциясының қызметкері, далалық кабельдер желісінің маманы болды.

Серікбай Жақыпов 1915 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданының Амангелді (қазіргі Аққайың ауданы, Аралағаш ауылдық округі) ауылында туған. Осы жерде 1934 жылы мектепте оқуын тәмамдады. 1941 жылы 23 маусымда Красноярск қаласының, Кидов аудандық əскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылған. Сөйтіп, 156 әскери бөлімде 1941 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін байланыс қызметкері жұмысын атқарған. 1941 жылы 29 маусымда 156-әскери байланыс бөлімінде әскери ант қабылдайды. 1941 жылдың желтоқсанынан 1943 жылдың тамызына дейін 90 әскери бөлімнің байланыс полкы қызметкері болады. 1008 әскери бөлімде де осы қызметті атқарады. Осылайша соғыстың соңына дейін қан майданда зұлым жаумен шайқасып, одан әрі де әскери қызметін жалғастырып, тек КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы негізінде 1946 жылдың 9 қыркүйегінде ғана демобилизацияланған.

1948 жылы Батима Хасейінқызы есімді қызға үйленіп, олардың 3 қыздары өмірге келді. Олар Мәркеш, Мәраш және Майра. Осы балаларынан үш жиен немере сүйді. Олардың аты-жөндері Қайрат, Айжан және Аслан. Әлішер, Аңсар, Самира, Асылхан, Айару мен Адия.

Атамның үкімет наградалары біршама. 1944 жылы 1 мамырда «Мәскеуді қорғағаны үшін» медаліне ие болса, 1944 жылы 15 маусымда «Қызыл жұлдыз» орденін иеленген. 1945 жылы 9 маусымда «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен марапатталады. Жапон империалистеріне қарсы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін 1945 жылы 30 қыркүйекте «Жапонияны жеңгені үшін» медаліне де ие болған. 1946 жылы 22 ақпан күні «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалін алған. 1965 жылы 7 мамырда «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» медалімен марапатталды. 1967 жылы 26 желтоқсан күні «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» медаліне ие болған. 1975 жылы 25 сәуірде «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» медалін кеудесіне тағады. Сондай-ақ,  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан еңбектегі ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды.

Атам 1977 жылы 10 сәуір күні Көкшетау қаласында көз жұмды. Қан майданда, бейбіт өмірде де ерлігі ұшан-теңіз. Ел үшін істеген қызметі сарқылмас бұлақтай. Сондықтан,  Серікбай атам мәңгілік ел есінде қалды деп ойлаймын. Жатқан жерің жұмсақ болсын, аяулы менің жан атам. Еліңіз істеген қызметіңді ұмытпайды, Алла бұйыртса, жолыңызды мен, жиен немерең жалғастырамын!

Самира БАЛСАРИНА,

Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы,
Ақмола облыстық  мемлекеттік архиві жанындағы «Жас зерттеуші» клубының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар