Ақмола облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы А.А.Оразалыға қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабының 1-бөлігі (сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма) бойынша қылмыстық істі тергеп, Бурабай аудандық сотына жолдады.
Сотталушы А.А.Оразалы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде танылып және арнайы прокурорлармен жауап алынды. Жауап алу барысында А.А.Оразалы көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіле отырып, өзінің танысы «К» мүддесі үшін әрекет ете отырып, өзінің жалған айғақтарымен арнайы прокурорларды жаңылыстырды.
16.05.2022 жылы Бурабай аудандық сотының шешімімен А.А.Оразалы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу (рақымшылық жасау туралы актіні қолданумен) тағайындалды.
Қылмыстық іс бойынша шешім заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысының прокуратурасы.