Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы жандар көп болсын! - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы жандар көп болсын!

Әлеуметтік желідегі мына бір мәтін бәрімізге де ой салары хақ. Бір миллионер біраз жыл өзімен бірге жұмыс істеген хатшысын зейнеткерлікке шығарда оған жаны ашып, қартайған шағында қиналмай өмір сүрсінші деп, екі миллион доллар беріпті.

 Хатшы оған: – Мұныңыз не? Менде былайда бірер миллиард жиған тергенім бар, – депті.

Миллионер таң қалып: – Сіздің ай сайынғы жалақыңыз 5,6 мың доллар емес пе еді? Қалайша, Сіз осынша ақшаны жинадыңыз? –депті.

Хатшы: – Мен үнемі Сізбен бірге жиналысқа қатысамын. Сіз телефонмен бәленше бос жерді сатып алғанда, менде дәл сол жерден тырнақтай жерді сатып алдым. Сіз құнды қағаз алғанда менде дәл содан алып отырдым. Сөйтіп, Сіз миллион тапқанда, мен жүз мың таптым. Сіз миллиард тапқанда, мен миллион таптым, – депті.

Шыбын мен жүрсең, боққа барасың. Ара мен жүрсең гүлге барарсың. Ақылдымен жүрсең өрісің кеңейіп, парасатты боласың, деген осы болса керек.

Жақсымен жүрсең жетесің мұратқа. Жаманмен жүрсең қаласың ұятқа. Қысқаша айтқанда, сенің өмір сүріп жасап жатқан ортаң қандай? Сен кімдермен бірге жүрсің? Ол өте маңызды. Еңбекқормен бірге болсаң талпынасың. Ақылдымен жүрсең данышпан боларсың. Білгішпен жүрсең биікке шығасың. Арман, бағыты жоқтан алыс жүр. Өйткені, ол Сенің арманыңды ұрлап алуы мүмкін. Энергиясы жақсы адам күн сияқты қайда жүрсе де сол жерді нұрға бөлейді екен. Адамның өмірінде үш рет бақ қонады маңдайға деседі. Ол: Мектепте жақсы ұстазға жолыққанда. Қызметте жақсы ортаға байланысты. Жарыңды дұрыс таңдағанда.

Иә, бұл өмірде Сен кімсің? Бұл маңызды емес, маңыздысы: «Сен кіммен бірге жүрсің?»  сондықтан, жақсылармен бірге жүрейікші. Бұл өмірде жақсы жандар көп болсын. Әмин!

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар