Атбасарда атқарылған істер көп

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде хабарлама жасап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

–2022 жылы Атбасар ауданында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың экономика өсімін қамтамасыз ету, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарта түсу жөніндегі тапсырмаларын орындау орайында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 5 миллиард 653 миллион теңге, нақты өнім көлемі 134 пайыз болды. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 2 миллиард 460 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 31 пайызға өсті.

Үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мал өсіміне тоқталар болсақ, қой мен ешкі 47,1 мың басқа жетіп, 14, 1 пайыз өсімді көрсетті; жылқы 13,5 басқа жетіп, 10,3 пайыз өсімді көрсетіп отыр. Ірі қара 3,3 пайызға азайып, 33,7 бас болды. Бұлайша мал басының азаюы өткен жылғы қуаңшылыққа байланысты. Сақтық ойлаған шаруалар малдарын етке өткізіп, амалдады. Алайда, сауын сиырлар сақталды. Биыл солардың есебінен мал басы қайта толығады деп жоспарлап отырмыз, – деді әкім.

Ауданда 2386 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бұл салада 7 мыңға жуық адам еңбек етуде. Олардың істерінің  алға басып, дамуына 2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 300 миллион теңгеден астам қаражат көлемінде несие берілмек. Сондай-ақ, 2022 жылы 1 миллиард 595 миллион теңгеге 70 жұмыс орны ашылатын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар ішінде мал бордақылау алаңдары, кондитер цехы, тағы басқалары бар.

Бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстарының ауқымы 148 миллион теңгені құрады. Нақты өнім көлемі – 132,2 пайыз. 1276 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 90 пәтерлік екі тұрғын үй салынуда. Көктемгі су тасқынында зардап шегуі мүмкін «қызыл аймақтан» тұрғындарды жаңа үйлерге көшіру әлі жалғасуда.

Шуйское ауылындағы су құбыры желілері мен имараттарына қайта жаңғырту жүргізілді. Бейіс-Хазірет ауылындағы сумен жадықтау желілерінің құрылысы іске асты. Атбасар қаласының Степной кентінде сорғы станциясы мен таза су резервуарларын қайта жаңарту жүзеге асуда. Атбасар қаласында су құбыры және кәріз желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Новосельское, Сочинское ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Родионовка, Калиновка, Хрящевка, Магдалиновка ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысына да жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

2022 жылдың жоспарында Атбасар қаласының Степной кентіндегі сорғы станциясы мен таза су резервуарларын қайта жаңартуды жалғастыру, Сочинское ауылындағы су құбырының құрылысы, Адыр станциясындағы су құбыры желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау, Матросов көшесіне жылу желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу сияқты жұмыстар тұр.

Аманбек Әмірхамзаұлы одан әрі аудан орталығы көшелерін жарықтандыру, көшелерді орташа жөндеу, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау мен мәдениет, спорт, құқық қорғау салаларындағы қол жеткен табыстарға тоқталып, журналистердің елді мекендерге тарихи атауларын қайтару, ауылдық жерлердегі интернет байланысы, көктемгі су тасқыны қаупі, мүлік иелері бірлестіктері, қарапайым серіктестіктердің құрылып, ПИК-тердің жойылуы, қаладағы бақтар мен скверлердің жөнделіп, ағаштар отырғызылуы жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

Жалпы, әкім хабарламасы мен сұрақтарға қайтарған жауаптарынан Атбасарда атқарылған істер көп екенін пайымдадық.

                                           Серік САПАРҰЛЫ,

                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар