Театр өз маусымын жабады

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық  қазақ музыкалық-драма театры 2022 жылдың 29 мамыр күні  Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер»  драмасымен  кезекті ХХV театр маусымы  жабылады.

Қоюшы режиссері: Аян Әлімбаев, қоюшы суретшісі: Маймұра Топанбаева. Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 40 минут.

Театр Көкшетау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын, жалпы, өнерсүйер қауымды театр маусымының жабылуына шақырады. «Елеусіз қалған есіл ер» драмасы біліктілігімен көзге түсіп, өз мамандығының нағыз майталманына айналып, ел ықыласына бөленіп жүріп, кенеттен туындаған келеңсіздіктен елеусіз қалған дәрігер өмірінен сыр шертеді. Шытырманға толы драма бақ пен тақтың, абырой мен атақтың уақытша екенін еске салады. Қойылымды сахнаға шығарудағы мақсат көрермендерге ой тастап, рухани азық беріп, осы туынды арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді көрсету болып табылады.

Спектакль кешкі сағат 17.00-де басталады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар