Беймәлім хаттар

Жақында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Беймәлім хаттар»  атты музей сабағы өтті. Биылғы жыл халқымыздың аса көрнекті мемлекет қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ірі түркітанушы, этнограф, ғажайып сыншы, композитор-музыкант және шебер орындаушы, ауыз әдебиеті мен мәдениетінің зерттеушісі, ұлы тұлғаның күреске толы өмірі мен мұрасына кеңінен көңіл бөлетін айрықша жыл.

Ахмет Байтұрсынұлы Торғай өңірінде дүниеге келген. Оның тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда, адамға өнеге боларлық тұстары мол. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуын елімізде және халықаралық ЮНЕСКОдеңгейінде атап өтіп жатқан мерейлі жыл.

Іс-шараның мақсаты ғалым-лингвист, қазақтың тұңғыш «Алаш» саяси партиясының  жетекшісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеу аясындаұлы бабамыздың Қазақ елінің дамуына қосқан зор үлесі туралы кең түсінік қалыптастыру, Ахмет Байтұрсынұлының сирек жазбаларымен, Гүлнәр Міржақыпқызының Мұхтар Бабақайұлы Мурзинге арналған деректеріменкөрермендерді, оқушылар менстуденттерді хабардар ету, Алаш қайраткерлерінің ұлттын сүю мен ұлтқа деген құрметін дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, оларды ұлтқа жанашырлыққа үндеп, азаматтық пен патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

Музей сабағының ерекшелігі  Гүлнәр Міржақыпқызының мұрағат қорынан өз қолымен жазып алған Ахмет Байтұрсынұлының тарихи хаттары, Мұхтар Бабақайұлы Мурзиннің фотосуреттері менанықтамалары. Оларды ұрпағы, Көкшетау қаласының әкімі болған Айдар Хамзаұлы Мурзин ағамыз сыйға тартып жатыр.Бұл баға жетпес құнды құжаттар «Алаш қайраткерлері –   өлке тарихында» атты жоба аясында жинақталып,облыстық музей қорын толықтыра түсті.

Беймәлім хаттардың екеуі Ахмет Байтұрсынұлының қолымен Міржақып Дулатұлына осыдан 90 жыл бұрын жазылған (1932 ж). Бұл тарихи құжаттарды 60 жылдан кейін Гүлнәр Міржақыпқызы мұрағат қорынан өз қолымен жазып алды. Үшінші хат Орынбор қаласында Қазақ халқы білім беру институтының директоры болған,Алаш қайраткеріМұхтар Бабақайұлы Мурзиннің хаты.  Бұның барлығы түпнұсқа. Баға жетпес жәдігерлер.

Жалпы, Міржақыпқа жазған хаттардың авторлары: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Жұмағали Тілеулин, Мұхтар Мурзин, Рахымбек Омарұлы Жандос. Қолымыздағы осы жеті хаттың сіздерге үшеуін ұсынамыз:

1-ші хат.

Қазақ Кеңес Республикасы. «Жартылай Попов аралы»  1-ші  Соловец бөлімшесі, 1-ші лагерь, Міржақып Дулатқа.

Архангел қаласы, Соломбала, 1-ші ауыл, 1-ші жол, 9 үй.

1932 жыл, 31 желтоқсан.

Міржақып, Мырзағазы, Ғазымбек, қымбаттыларым, мен Архангел қаласында қарашаның 30-ы күні келдім. Жексенбі болғандықтан ешкімді таппай, жатар жер болмай, таң атқанша көше кезіп жүрдім, қасымда тағы 4-5 адам бар еді, ертеңіне Абдолла Байтасты тауып алдым. Абдолла Байтастың желтоқсанның 17-іне дейін қасында болдым. Сосын пәтер тауып, бөлек тұруға кеттім.Пәтер табу өте қиын. Ал егер таныс болмаса, онда бұл жағдайға адам шыдауы қиын. Мен әлі өзіме орын таппадым. Сізге, Мемлекеттік саяси басқарманың рұқсаты керек дейді. Мемлекеттік саяси басқарманың менде рұқсаты жоқ, содан кейін олар бас тартады. Абдулла таныстары арқылы маған әрең пәтер тауып берді. Мен әлі жұмыссыз жүрмін. Жұмыссыздарға нан мен асханаға карточкалар берілмейді. Ал, бұл карточкаларсыз азық-түлік пен нанды базардан алу керек.

Базарда 1 кг нан 5-6 рубльге тең. Бірбөлкенан 25-30 сом, 1 литр сүт 4,5 р., сары май 45-50 сом, мен ондайақшанықайданаламын?

Ақшамның таусылғанына көп болды. Абдулла мен  Қырбаласының (Әлихан Бөкейхан) көмегімен тұрып жатырмын.

Қырбаласы үйінде болып шықтым, сондықтан, мекен-жайын толық сізге жайғасқаннан кейін хатта жазамын. Ешқандай жақсы хабарым жоқ, біз әлі қоныстанбадық. Құшақтап, сүйем!Ахмет.

2-ші хат. 

Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай? Мен сізге 31 желтоқсанда жаздым, бірақ, сіз хатты алғаныңызды білмеймін.

Мен әлі жұмысқа тұрған жоқпын.

Барлық жерде қысқартулар бар. Олар жер аудармайды.

Мен үшін бәрібір жағдай нашар.

Бір жағынан ауырып тұрмын, бір жағынан суық, үшіншіден аштық. Мен кейбір жолдастардың көмегімен әзірге бармын. Бұл қанша уақытқа созылатынын білмеймін.

Қырбаласы (Әлихан Бөкейхан) қолынан келгеннің бәрін жасайды, бірақ, бұл  көмекпен өмір сүру қиын.Бір келі сұр нан 12 рубль. Карточкасы жоқ жұмыссыз адам мұндай ақшаны қайдан алады? Аралдағыдай емес, қазір мен өте арық болып қалдым, жылы киімім жоқ. Қалай өмір сүру керек? Қырбаласыдан хат алған жоқпын. Оны Голощекин  екі сыбайласымен ұстап алған. Олар сыбайластар туралы жазбайды.Бірақ ақыры қазақ халқының басына түскен апатты естіді.

Әлихан мен Әуезұлы, Аллаға шүкір бостандыққа шығып, қалғандары: Сейідәзім, Мұхамеджан Тынышпай, Т.Халел, Жаһанша Досмұханбетовтер, Әбділхамит, Әшім (Мұхтар Мурзин)  – «Ұзын Мұхтар» (лақап аты) Воронежде: Қошке Кемеңгер, Жұмағали, Мұстапа, Әбдірахман балары, Әбдірахмандары, Нәсірахман, Әбдірахманұлы, (Жұмахан) отбасымен қоныстанды.

Мен де отбасымды осында әкелуге немесе өзім баруға рұқсат сұрадым, әлі жауап жоқ. Жақында жазушының бұрынғы әйелі (М.Горький) басшы болған мекемелер арқылы арыз жаздым. Менің өлгенімді қаламасаңыз, мені жылы жаққа немесе отбасым тұратын жерге жіберіңіз. Егер одан ештеңе шықпаса, шынымен де өлуіміз керек.

Бұл жерде мерзімі біткендер әлі қамауда. Соңғы күндері көбі босатылды. Бірақ, мерзімін өтегендердің ешқайсысы осында қалмады. Абдулла осында отбасымен тұрады.  Олар да жұмыстан босатылды, бірақ әйелі басқасын тапты. Ал, оның өзі арқылы мен он күн жұмысқа тұрдым. Жақында Алматыдан көп қазақтар келген дейді. Оларды әлі кездестірмедім. Қош болыңдар!Ахмет.

Үшінші хат.

Мурман темір жолы. «Аю тауы» бекеті.

Міржақып Дулатқа Мұхтар Мырзаұлынан хат.

Құрметті Жақа! Мен сіздің мекен-жайыңызды Мәскеу арқылы біліп, қазір Воронеждің өзінде жазып жатырмын. Халел мен Жиһанша Досмағамбетовтер, Сейдәзім, Әшім, Хамит, Ақбай (ағасы Жақып босатылды).

Инженер Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Бұралқа, Жұмағали Тілеулин, Жұмахан Күдерин, Қошке Кемеңгер, Нәшір Қожамқұлдарды   аудандарға жіберді. Ал  Алдаберген де қасында болды, бірақ қашып кетті дейді. Толық мәліметтерін білмеймін. Бізбен бірге қамауға алынғандардан босатылғандар: Мұхтар Әуезов, Әлімхан Ермеков, Иса Көшкінбаев.

Мені жұмысқа алады, кейде алмайды. Бүгін мені жұмыстан шығарды.

Мұхтар. Воронеж қаласы. 1 сәуір 1934 жыл.

Гүлнәр Міржақыпқызы: «Ал енді бірер сөз Мұхтар Мұрзин, Мұхтар Бабақайұлы, Мырзаұлы, (1895-1937) Қостанай облысы, Кеңарал қаласында дүниеге келген. Бабақай әкесі орта шаруа болғандықтан, баласын Троицк гимназиясына беріп, Томск қаласына әрі қарай оқуға жібереді. Мұхтар Мырзаұлының дәрігер қызы Әрікенің айтуынша, әкесі Томск технологиялық институтын бітірген, инженер-экономист болған. Қай жылы оқығаны жайлы білмейді.

Мұхтар Мырзаұлы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оның алғашқы директоры Міржақып Дулатовпен бірге оқытушылық қызмет атқарды, сондықтан оны ағартушы деуге болады.

1923-1925 жылдары жазушы, кітап аудармасымен айналысқан Мұхтар жер аударылғанда отбасымен Воронежде тұрған.

Ал 1936 жылы Шымкентке келіп, ауыл шаруашылығы банкінің жоспарлау-қаржы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.

1937 жылы қамауға алынды, содан кейін қайтып оралмады.

Бұл хаттар біз үшін қымбат адамдардың жүрегінің зары, мұңы мен қайғысы. Тағы бір артықшылығы –  олардың түпнұсқалығы, сондай-ақ, хат иелерінің өздері жазғандығы, сонымен қатар олар ешқашан жарияланбағандықтан және олардың бар екеніне ешкім күдіктенбегендіктен, хаттардың баға жетпес құндылығы арта түседі.

Ахмет Байтұрсынұлын жазғанда Міржақып баспадан шығарылмады,  өйткені, олардың жазылғанына биыл 60 жыл толады. Мен де осыны оның туғанына 120 жыл толуына арнағым келіп, анамның соңғы өтінішін осымен орындадым».

 

Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова,

Алматы қаласы, 1992 жыл.

                                                           Мұхтар Мырзаұлы інісінің баласы

                                                           Айдар Хамзаұлы Мурзиннің жеке

                                                           мұрағатынан. Көкшетау, 2022 ж.

Кештің қонақтары, қоғамжәне мемлекет қайраткері Айдар Хамзаұлы Мурзин, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы, PhD  докторы Ерболат Баят,  Шоқан Уәлихан атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы, тарих магистры  Әмина Бекболатқызы Шәріпова. Жүргізушісі – музейдің кіші ғылыми қызметкері Асылбек Жанымхан.

Музей сабағының қатысушылары, Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің студенттеріне әріден тағылымды  ой қозғап, арыстарымыздың «Беймәлім хаттарының»  бар сыр-сипатын жеткізе білді.

Ұлыларымызды ұлықтау, олар­дың халық пен тарих алдындағы еңбектерін бағалау – елдігіміздің, азаматтығымыздың белгісі. Ұлылар есімдеріне тағзым ету, олардың қиын-қыстау кезде жазған жоғарыдағыдай мұраларын насихаттап, отаншылдық сезімімізді асқақтатып, өткенге тағзымымызды еселендіре түсері анық.

                Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар