Ауданда дәрігер мамандар тапшы

Өңірлік коммуникацияларқызметінде Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Қадыралинаның қатысуымен «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде аймақтың дамуы»тақырыбында брифинг болып өтті. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндалды.

Аудан әкімі  өз сөзіндеМемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы нақты міндеттердің орындалу барысы, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Ілкімді істерімен көш ілгері келе жатқан Жақсы ауданында атқарылып жатқан ауқымды істер бар. Ағымдағы жылдың төрт айында аудан экономикасын дамытуға шамамен 2,0 миллиард теңге бағытталды. Өнеркәсіп кәсіпорындары 1,0 миллиард теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызға жоғары. Ұн өндірісі 18,8 пайызға, жем-шөп қоры 13,5 пайызға, ірімшік 25,0 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, тірі салмақта ет өндіру 1,8 пайызға немесе 18,8 тоннаға артқан.

–Қазіргі уақытта егіс науқанын уақтылы жүргізу біздің бірінші кезектегі міндетіміз болып табылады. 480,7 мың гектар алқапқаегін егу жоспарланған. Техника, қажетті жабдықтардың барлығы 100 пайыз қамтамасыз етілген, – дейді аудан әкімі жиында.Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де басты басымдықтардың бірі. Ағымдағы жылы аудан орталығында 27 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақшы. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 182,1 миллион теңге қарастырылған.  Сонымен қатар, аудандаағымдағы жылы 32 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Бұл бағытқа 145 миллион теңге қаражат бөлінген. «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында да әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша 5 жобаны іске асыруға 439,5 миллион теңге сомасында қаражат бөлінген. Бұл қаражат ауылдық елді мекендердің, атапайтсақ, Беловодское  және Перекатное ауылдарының  жолдарын жөндеуге, Жаңа Қима ауылындағы ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге, осы елді мекендегі көше жарығын орнатуға, Жақсы ауылындағы денесауықтыру кешенінің құрылысын жалғастыру үшін бөлініп отыр.Сонымен қатар, ауданға инвестиция тарту мәселесіне баса назар аударылған. Биыл 15 ірі жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Аудан халқының әл-ауқаты да жыл өткен сайын  артып келеді. Мәселен, қазіргі таңда аудан халқының орташа жалақысы 178 мың теңге көлемінде. Өнеркәсіп өндіріс көлемі де ұлғая түскен. Айталық, ағымдағы жылдың алғашқы айларының өзінде  инвестициялық субсидияларға 27, 6 миллион теңге қаражат  бөлініп, ауылшаруашылығы тауарын өндіретін 5 жоба жүзеге асып отыр.

Шалғайдағы ауылдарға да зор көңіл бөлінуде. Көшелерді абаттандырып, көгалдандыру, әлеуметтік нысандар ашу мәселелері де назарда. Қазіргі таңда аудан бойынша 25 елдімекеннің 19-ы орталықтандырылған  ауыз сумен қамтылған.

Дегенмен де, әлі де болса шешімін күтіп тұрған мәселелер де жоқ емес. Соның бірі – ауданда кадрлар мәселесі өзекті. Әсіресе, ауылдық жерлерде дәрігер мамандар тапшы. Ауылға мамандар тартуға көңіл бөлініп отыр. Бірақ, мұның өзі де мәселені түбегейлі шешті деп айта алмаймыз. Жалпы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жүзеге асқан уақыт шеңберінде, яғни, 2007 жылдан бері ауданға 117 маман тартылып, оларға жалпы 250,5 миллион теңге қолдау көрсетілген.  Ағымдағы жылы да  6 маманға 27,5 миллион теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру жоспарланған.

Баспасөз мәслихатында елді мекендерді абаттандыру, ономастика, халықты әлеуметтік қорғау, жайылым мәселелері айтылып, аудан әкімі журналистер қойған сұрақтарға  тұшымды жауап берді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар