Егіншілік саласына басымдық беріліліп отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметов ауданда ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабарлама жасады.

–Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамуының, әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған бағыт-бағдарламалары айқындалған  болатын. Осы мақсаттарға жету үшін Есіл ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деп бастады сөзін Еркебұлан  Баяхметов.

Аудан экономиксының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады және аудан тұрғындарының көп бөлігі осы салада еңбек етеді. Ағымдағы жылы барлығы 471,9 мың гектар жерге егін егу жоспарланған. Оның 439,0 мың гектары дәнді  және бұршақ дақылдары болмақшы. Мәселен, 9,6 мың гектарға  күнбағыс, 953 гектарға қыша, 8,8 мың гектар жергемақсары егілмек. Майлы дақылдар дәні 21,1 мың гектар жерге сіңірілмекші. Мал азығы 8,4 мың гектар, картоп 420, көкөніс 60 гектар жерге өсірілмек.

Өнеркәсіп индустриясының өңір экономикасының дамуына әсер етері сөзсіз. Соңғы бір жылда өнеркәсіп өнімдері 1316,8 миллион теңгеге жетті. Нақты өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 103,7 пайыз болды.2022 жылдың қаңтар айында шағын және орта бизнеспен айналысушылар саны 1190 болса, бұл 114 пайыз өсімді көрсетеді. Бөлшек сауда тауар айналымы 1501,5 миллион теңгені құрап, нақты өнім көлемі 100,5 пайыз болып отыр. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызылғандығын көрсетеді.

Көрші елдерде туындаған күрделі жағдайларға байланысты азық-түліктің қымбаттауы байқалуда. Осыған орай, «Көкше» СПК  акционерлік қоғамы мен Есіл қаласының кәсіпкерлері арасында келісім-шарттар жасақталып, әлеуметтік сұранысқа ие тауарлар арзан бағамен саудаға шығарылуда. Есепті уақыт ішінде салықтан және басқа міндетті  төлемдерден мемлекеттік бюджетке 990,3 миллион теңге қаражат түсіп, жоспар асыра орындалды. Ауданда орташа жалақы 199,936 мың теңгені құрады.

Есепті кезеңді аудан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 1149,9 миллион теңгені немесе 31 пайызды құрады. 8,6 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Сондай-ақ, коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру, тұрғындарды жұмыспен қату, мәдениет пен спорт саласында атқарылған жұмыстар мәліметтерін алға тартқан Еркебұлан Еркешұлы журналистердің аудандағы жол жөндеу, ауыз су, жайылымдық жерлер, ауылдарға тарихи көне атауларын қайтару, алда келе жатқан референдумда белсенділік таныту, туризмді дамыту жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

–Есіл ауданында негізінен, егіншілік саласына егін шаруашылығына басымдық берілген. Жерімізде туристерді қызықтырарлық көріністер аз. Бірақ, біздің үстімізден Көкшетау, Астана, Қостанай бағытындағы күре жолдар өтеді. Біз осы жағдайды пайдаланып, жол жиектерінде жолаушыларға қызмет көрсететін бизнесті дамытуды қолға алдық. Осы ұмтылысымыздан нәтиже болатынына сенімдіміз, – деп аяқтады сөзін брифинг қонағы.

                                                   Серік Сапарұлы,

                                                   «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар