1 маусым күні Көкшетау қаласындағы «Ани» кафесінің облыстық №1 арнайы мектеп-интернатының білім алушыларын Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен құттықтады. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, одан бөлек, дастархан жайылып, жас бүлдіршіндер қуанышқа бөленді. №20 орта мектептен 100-ге жуық оқушы ұстаздарының жетекшілігімен келіпті. Концерттік бағдарламаның ұйымдастырушылары – республикалық «Думан» педагогикалық отряды. Концерт Нұр-Сұлтан қаласындағы отряд басшысы Омар Бекиннің құттықтау сөзімен басталды.
«Думан» педагогикалық отряды мерекелік іс-шараны өткізу барысында ойындар ойнатып, биге деген қызығушылықтарын оятты. Еріктілерден құралған ұйымның негізгі мақсаты – әртүрлі бағыттағы іс-шараларды өткізу. 2015 жылдан бері осы мерекеге орай, дәстүрлі түрде үйымдастырылып келе жатқан бағдарлама биылғы жылы да жалғасын тапты.
Жұлдыз Ағыбайқызы,
Еуразия ұлттық университетінің
2 курс студенті.