Облыста бірінші болып аяқтады

Атбасар ауданының еңбеккерлері көктемгі дала жұмыстарын облысымызды бірінші болып аяқтап шықты. Ауданда 429878 гектар алқапқа тұқым себілді. Оның 390454 гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Майлы дақылдар 21203 гектарға, мал азығы дақылдары 17339 гектарға орналастырылды.

Сондай-ақ, 808 гектар алқапқа картоп отырғызылып, 96,1 гектар жерге көкөніс егілді. Көктемгі егіс науқанына 200-ден астам шаруашылық пен шаруа қожалығы қатысты. Дала жұмыстарына 991 трактор, 1520 тұқым сепкіш техника және жүзден астам осы заманғы өнімділігі жоғары егіс кешені жұмылдырылды.

Ауданда әрбір ашық күнді тиімді пайдаланған «Атбасар Агропродукт», «Нұр-777», «Шортанбай», «Полтавка-2» және «Бастау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жауапты науқанды алғашқылардың бірі болып аяқтап, басқаларға үлгі көрсетті.

Жалпы, биылғы көктемгі дала жұмыстарының барлық агротехникалық талаптарға сай қысқа мерзімде, сапалы атқарылып шығуының бір сыры,  жауапты науқанға тыңғылықты дайындықта жатыр.  Мол өнімнің берік негізін қалаған аудан еңбеккерлерінің алтын күзде осы маңдай терлерінің өз жемісін беретініне сенімдері мол.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар