Орман өртіне жол бермеңіздер

Орман – табиғаттың бізге берген үлкен сыйы. Бұл тек қана шикізат, тамақ көзі ғана емес. Орман – денсаулық қоймасы, жануарлар және өсімдіктер дүниесіне эстетикалық нәр беретін, адамға емдік әсер ететін және күш-қуатын қалпына келтіретін табиғат аясы. Біз табиғаттың әдемілігіне таңданамыз, ну орман көрсек, қуанамыз. Бұл – адами қажеттілігіміз.

Орманда отты дұрыс қолданбаудан және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандықтан осының бәрі мәнсіз және аяушылықсыз өртпен неше түрлі келеңсіз жағдайлар болып жатады. Сөндірілмеген ошақ, сіріңке немесе шылым қалдығы, аң аулау кезінде тез жанатын тығындар, қағаз немесе басқа да бықсып жанатын заттар, осының бәрі өрттің шығуына себепкер болады. Ұзақ күндер бойы ыстық және құрғақ ауа райы тұрса, өрт жаз бойы болуы мүмкін.

Орман өрттері орны толмас шығын келтіреді. Табиғат та, адам да оларданзардапшегедіжәнеормандаржойылады. Өртпен зақымдалған ағаштардың өсуі азаяды және олардабопаауруларыжәнезиянкелтіргіштертаралады. Шыққан өрткөршітұрғансауормандарға түсіп,аурулардыжәнезиянкелтіргіштердітаратуортасынаайналады.

Өрткезіндеормантөсегішіжәнеөскіштержанады. Кейін бұл ормандыжаңарту жағдайынашарлайдыжәнетүрі жаман жағына өзгереді. Басты орманның орнына ақ қайың және терек пайда болады. Өртпен жойылған орман орны көп жылдардан кейін ғана келеді.Орман өрттері құстарды және жануарларды да жояды.Сонымен қатар, орман өрттері ауыл шаруашылығы саласына көптеген шығын келтіреді, сол себептен егістік мәдениеті жойылады.

Өрт қауіпсіздігі кезеңінде орманда ұрықсат етілмеген жерлерде ошақтар жағуға жұмыс істеп тұрған көлікке жанар-жағар май құюға; жанар-жағар май құйып жатқан көліктердің маңайында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға; орман бауырындағы және маңайындағы шөптерді жағуға қатаң тиым салынады.

Басталып жатқан орман өртін көзіңіз шалып қалса, қолма-қол батыл іске кірісіңіз. Бірден тездетіп су құйыңыз, жасыл жапырағы бар сыпырғышпен ұрыңыз, жер топырақ немесе құммен жабыңыз, аяқпен басыңыз. Егерде өртті сөндіру қолыңыздан келмесе өртке қарсы 101 қызметіне хабарласу керек. Бір сөзбен айтқанда, орманның отқа оранбау тағдыры сіздер мен біздердің қолымызда. Осы жағы барынша есімізде болсын!

Азамат ЖАҚСЫБАЕВ,

Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар