Әр ашық күн тиімді пайдаланылуда

Көктем – агроөнеркәсіптік кешен жұмысының аса маңызды кезеңдерінің бірі, яғни, біздің диқандар үшін ең жауапты кезең. Өйткені, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Ауданның диқандары қарқынды жұмыс істеуде, бұл ретте, барлық күш-жігерді, барлық өндірістік және кадрлық әлеуетті, көктемгі егіс жұмыстарының барлық белгіленген кешенін оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізу үшін шоғырландыру және сол арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының мол өнімін алуын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Биылғы жылы аудан бойынша егістік жұмыстары 197 мың гектар жерде жүргізіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда  25 мың гектарға артық. Оның ішінде дәнді, майлы дақылдар, көп жылдық шөптер және тағы басқа өсімдіктер бар.

Көктемгі егістік науқанына жалпы 465 трактор, 704 тұқым сепкіш және 87 өнімділігі жоғары егіс кешені қатысуда. 143 миллион теңгеге 5 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жалпы, 2021 жылы агроөрнеркәсіп саласында қызмет атқаратын шаруа қожалықтары, серіктіктер  2,2 миллиард теңгеге 50-ге жуық техника сатып алды.

Міне, биылғы көктемгі егіс науқанына Біржан сал ауданы осындай дайындықтармен келіп кірісті. Техника түрлері, жанар-жағар май, егілер дән тұқымдары, минералдық тыңайтқыштар толық қамтылды. Қай жағынан алғанда да аяққа тұсау болар ешқандай тапшылық жоқ.

Аудан диқандары қолайлы әр күнді тиімді пайдаланып, биылғы егін егу науқанын дер кезінде аяқтауға ұмтылуда.

Миргүл Уахитқызы.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар