70 жылға жуық еңбек тарихы бар

1958 жылы Көкшетау қаласында ашылған «Комсомолдың 40 жылдығы» фабрикасы 2009 жылдан бері «Диас» тігін фабрикасы болып жұмыс істеп келеді. Тірлігі тиянақты тігін фабрикасы бүгінде 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын ірі кәсіпорындарға арнайы киім-кешек тігумен айналысады. Мәселен, «BI Group» инновациялық құрылыс холдингімен жеке келісім-шарт бойынша бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Фабрика жұмыссыздықты болдырмау үшін Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығымен серіктесіп, өз қатарын толықтыра түсуде. «Диас» тігін фабрикасы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Орынбасар Батталова:

Биылғы жылдың жоспары барынша біраз адамды жұмыспен қамту, яғни, тігіншілікке оқытып-үйрету қарастырылған. Келген қыз-келіншектерді 3 ай оқытамыз, шәкіртақы төленеді. Алдағы уақытта ірі компаниялармен қосымша келісім-шарт жасап, жұмыс ырғағын жоғарылата беруді мақсат етудеміз, – деп түсіндірді.

«Диас» тігін фабрикасы 2017 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың маусымына дейінгі кезеңде Еуропалық қайта құру және даму банкінің тігін өнеркәсібі саласындағы халықаралық кеңес беру жобасын жүзеге асырды. Яғни, заман талабына сай өнім шығаратын бірегей өндіріс ошағына айналып отыр. Тарихы тереңде жатқан тігін фабрикасының ұжымы бұрынғы кәсіпорынның мол еңбек дәстүрін, отандық өнім шығару үрдісін сақтап келе жатқандарын мақтан тұтады.

 Ғазиза ҰЛЫҚМАНОВА,

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің 2-ші курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар