Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада басталды

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада басталды.

Салтанатты ашылу рәсімі «Бурабай» спорт сарайында өтті. Жиналғандарды спартакиаданың ашылуымен Департамент басшысы Берген Беспалинов құттықтады: «Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші – бұл өз ісінің кәсіпқой маманы ғана емес, ол ең алдымен өз денсаулығына тиісті назар аударуды қажет ететін адам, өйткені дені сау мемлекеттік қызметші – тиімді мемлекеттік қызметші екені белгілі. Әрине, коронавирустық пандемия бұқаралық спорттық іс – шараларды өткізу үшін белгілі бір шектеулер қойды, бірақ біз сол кезеңді бастан өткердіп, бүгін көптен күткен спартакиаданы өткізу дәстүрін жалғастыра аламыз. Барлық қатысушыларға спорттық жарыстарда сәттілік тілейміз!».

Жарыс шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жүзу, бильярд, қазақ күресі сияқты спорт түрлерінен өтеді. Іріктеу турнирінен кейін финалисттер анықталады. Финалдық ойындар облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды. Облыстық спартакиада қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 21-24 маусым аралығында Петропавл қаласында өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиадаға қатысу үшін облыстың құрама командасы анықталатын болады.

Турнирге барлығы 20-дан астам команда құрамында 300-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысады. Спартакиадаға облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылары белсенді қатысады.

Еске сала кетейік, спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске ұмтылысты тәрбиелеу.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар