«Жас Маман» республикалық жобасы тиімді жүзеге асырылуда

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Білім Министрі Асхат Аймағамбетов Көкшетау қалалық жоғары техникалық колледжінде болып, ондағы «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жабдықтар мен коммерциялық іске асырылған жобалармен танысты. Министрдің жұмыс сапарында облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге болды.

Жоғары техникалық колледж ондаған құзыреттер бойынша мамандар даярлайды, ал, «Жас Маман» республикалық жобасының арқасында мұнда орнатылған жабдық өңірдің нақты компаниялары жұмыс істейтін жабдыққа жол ашады. Мысалы, заманауи баспа құрылғысы кез-келген ағаш бетіне, металлға, пластикке түрлі-түсті суретті басып шығарады және сонымен бірге, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Сандық бағдарламалық басқару фрезерлік станогі – бұл колледждің тағы бір мақтанышы. Оны бағдарламалай отырып, сіз микрон дәлдігімен кесілген бөлшектерді ала аласыз: тіпті, мұндайдан қару да жасауға болады. Сонымен қатар, дайын өнімдер ұқсас компанияларға қарағанда әлдеқайда арзан. Колледж директоры Ақнұр Еслямованың айтуынша, оқу орны әртүрлі бөлшектерді дайындауға көптеген жеке тапсырыстарды орындайды, ал студенттер оқудан өтіп, практикалық дағдыларды игеріп, тәжірибелі мамандар болып шығады. Мұнда жұмыс істеу үшін станоктарды білу ғана қажет емес, құрылғыны жөндеу мен бағдарламалауды да білуге міндетті.

Сонымен қатар, студенттер Асхат Аймағамбетовке осы жылы көптеген студенттер Ресейдің Набережные Челныдағы «КамАЗ» зауытында сандық бағдарламалық басқару станоктарында тәжірибеден өткендігін айтты. «Сандық бағдарламалық басқарудағы фрезерлік станогінің» жұмыстары бойынша «WorldSkills» Ұлттық Чемпионаты өткізілді.  Чемпионаттың нәтижесі бойынша өңірдегі және елдегі ең үздік колледждердің біріне ие болған Көкшетаудағы Жоғары техникалық колледж екені даусыз.

Білім министрі колледж түлектерінің сұранысына, олардың бәсекеге қабілеттілігіне, жобаларды, әсіресе, робототехника бойынша жобаларды практикалық іске асыру мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Студенттер министрге оқу жетістігінің керемет үлгісін автокөлік кузовын жөндеу цехында жан-жақты көрсетті. Мұнда кузовтың геометриясын миллиметрге дейінгі дәлдікпен электронды диагностикалау, сондай-ақ апат кезінде зақымдалған бөлшектерді күрделі жөндеу жұмыстарыжүргізіледі. Білім министрі жұмыс цехына барған кезде олар тапсырыс бойынша автокөлік жөндеп жатқан болатын. Мұндай қызметтердің тапшы екенін және мұндай жабдықтар барлық жөндеу цехтарында болмайтынын түсіндірді. Колледж студенттері нақты тапсырыстарды орындай отырып, баға жетпес практикалық дағдыларды үйренеді, содан кейін жоғары ақы төленетін жұмыстарға оңай орналасады.

Ал, колледждің бизнеспен қаншалықты тиімді ынтымақтасатынын тігін шеберханасынан көруге болады. Бұл жерде дәл министр келер сәтте емтихан өткен. Комиссия құрамындада Көкшетау ательесінің басшылары, оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысатын және болашақ шеберлер үшін практиканы қамтамасыз ететін колледж серіктестері болған.

Асхат Аймағамбетов колледж ұжымымен кездесу барысында, дәл осындай серіктестікті техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында дамыту қажет екенін  атап өтті. Сонда ғана түлектердің бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие болатынын баса айтты.

Сол күні Білім министрі облыс орталығындағы «Bolashaq» сарайында халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу модераторы, облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов жиналғандарды ашық диалогқа шақырып, алғашқы сөз кезегін Асхат Аймағамбетовке берді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы туралы айта келе, білім министрі бүгінгі күннің басты міндеті – талаптарды арттыру және мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету екенін ерекше атап өтті. Бұл әсіресе, балалардың құқықтарын бұзумен және балабақшалардағы қол сұғумен байланысты соңғы оқиғалар саласында өзекті екенін жеткізді.

– Егер 2001 жылы біз балабақшаларға лицензия бермейміз дейтін болсақ, қазір мемлекеттік тапсырыс алатын мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейтудеміз. Барлық балабақшалар бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылуы, санитарлық және өрт нормаларына сәйкес келуі тиіс, тәрбиешілердің кәсібилігі мен біліктілігі тексерілетін болады. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны да жаңартылатын болады. Лицензиялаудан қорықпау керек, жекеменшік мектептер еш қиындықсыз лицензия алады: 2019 жылы елімізде олардың саны 120 болса, ал қазір олардың саны 500-ге жетті, – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Министр педагог мәртебесі туралы Заңның қабылдануының арқасында орта білім беру саласында қол жеткізілген жетістіктерді де атап өтті: «Егер бұрын педагогикалық мамандықтарға түсушілердің орташа балы 55 болса, бүгінгі күні – шамамен 100 балл. Педагогтарды 86 жоғары оқу орны дайындаса, ал қазір тек 50-і ғана дайындайды. Бұл дұрыс: аздығы маңызды емес, қайта дайындықтың сапалы болғаны абзал». Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл бірнеше жылдан кейін саналы, жоғары кәсіби педагогтардың білімділерін тәрбиелеп шығаратынымызды білдіреді. Ол сонымен қатар, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту және түзету кабинеттері желісін кеңейту қажеттігін де атап өтті.

Кездесудің екінші бөлімі «сұрақ-жауап» форматында өтті. «Ең жаман сұрақ – сұралмаған сұрақ», – деді Асхат Аймағамбетов қатысушыларды диалогқа шақыра отырып. Педагогтарда үнсіз қалмады, көптеген өзекті мәселелерді көтерді.

Мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмысы қалай құрылады және балаларды еңбекке тәрбиелеу тәжірибесі қайтып келе ме? Асхат Аймағамбетов кәсіптік бағдар беру бойынша жүйелі жұмыс 7-сыныптан бастап жолға қойылатынын атап өтті. Еңбек тәрбиесіне келетін болсақ, бұл тақырып талқылануда, жақында шешім қабылданады. Балабақшаларда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистенттің штаттық бірлігінің болмауының маңызды проблемасы бойынша Зеренді ауданының балабақша меңгерушісі Гүлмира Құсайынова көтерді. Министр оған жауап ретінде мектептерде мұндай бірлік жақында енгізілгенін және 1000-нан астам педагог-ассистенттер жұмыс істеп жатқанын, мыңдаған балалардың білім беру ортасына қосылуына көмектесетінін атап өтті.

– Біздің ұстанымымыз мынадай: білім беру ұйымдары жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді, демек, оларға штаттарды жасақтау мәселесінде көбірек дербестік беру керек. Директор ұжымда мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, заңгер немесе тағы бір орынбасар қажет пе, соны өз бетінше шеше алуы тиіс, – деді Асхат Аймағамбетов.

Кездесуде басқа да мәселелер туралы айтылды. Мысалы, асырап алушы ата-аналар үшін балаларды балалар үйіне қайтарғаны үшін жазалар туралы, толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін «ұзартуды» ұйымдастыру мүмкіндігі туралы, сынып жетекшілігі үшін ақы төлеу туралы, ғылымның тез өзгеретін салаларының бірі ретінде информатика бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту туралы жан-жақты әңгіме болды.

Білім беру саласына ер адамдарды қалай тарту керек деген сұраққа жауап бере отырып, білім министрі: – Бұған ешқандай командалық әдіс қол жеткізе алмайтынын атап өтті. Бір ғана жол бар: мамандықтың тартымдылығы мен беделін, табыс деңгейін арттыру, мұғалім болу құрметке ие екенін сезіндіру керек, – деп қорытындылады.

Владислава КОКОРИНА,

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген  Айбека ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар