Көкшетауда бокстан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетауда 2001-2002 жылдары туған жастар арасында КСРО-ның спорт шебері Асқар Сатыбаевты еске алуға арналған бокстан 12-ші Халықаралық турнир аяқталды.
Шаршы алаңға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері шығып, жанкүйерлерін қуантты.

Ақмола облысының спортшылары түрлі дәрежедегі тоғыз марапатқа ие болды. Оның ішінде Шыңғыс Мусинов (60 кг), Рақымжан Әли (63,5 кг), Қайратов Арман (67 кг), Виктор Литвинов (75 кг) және Батырхан Сейтенов (86 кг) чемпион атанды. Екінші орынды Битуған Ерсұлтан (57 кг), Мағжан Әлімов (60 кг) және Валерий Грызлов (80 кг) иеленді. Жүлделі үшінші орынан Рәшид Дәулетбаев (57 кг), Богдан Колодзинский (67 кг) және Марат Сауытбаев (+92 кг) көрінді .

Сондай – ақ жерлестеріміздің арасында Шыңғыс Мусинов «Үздік боксшы», Мағжан Әлімов «Жеңіске деген жігері үшін» және Битуған Ерсұлтан «Көрермендер көзайымы жүлдесі» аталымы бойынша марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар