Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін облыстық пікірсайыс турнирі өтті

4 шілдеде «Балалар жылы» аясында Ақмола облысы әкімінің кубогына мектеп оқушылары арасында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті.

Шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды.

Турнирге Ақмола облысының 9 ауданы мен 2 қаласынан барлығы 20 командада құрамында 40 бала қатысты.

Турнир «Аймақтық» (онлайн форматта) және «Облыстық» (оффлайн форматта) кезеңдерінен тұрды.

Турнир американдық парламенттік формат бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды.

Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында:
1 орын – «Саналы қыздар» тобы, Көкшетау қаласы, Абай атындағы №3 ДБАОММИ;
2 орын –«1465» тобы, Көкшетау қаласы;
3 орын –«Ғибрат» тобы, Целиноград ауданы.

Орыс лигасында:
1 орын – «1+1» тобы, Көкшетау қаласы;
2 орын – «Ловлю на слове» тобы, Атбасар ауданы;
3 орын – «8 квартал» тобы, Бурабай ауданы.

«Үздік спикер» номинациясын – «Ғибрат» командасының мүшесі Сыбық Ұлболсын мен «Ловлю на слове командасының мүшесі Мустафин Рустем иеленді.

Жеңімпаздар Ақмола облысы әкімінің кубогымен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен, үздік спикерлер – дипломдармен, команда жаттықтырушылары – алғыс хаттармен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар