Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дамудың жаңа міндеті тілде жатыр... - АРҚА АЖАРЫ

Дамудың жаңа міндеті тілде жатыр…

 Мектепте  жүріп жатқан шағын  жұмыстарды бақылап жүргенімде есік алдынан пошта әкелген әйел ойымды өзгертті. Кішкентай кезімізде газет арқалап, үй-үйді  аралап жүретін Айқияш жеңгем есіме түсті. Үйге келген газеттің бұрышын қайырмай әкеміздің бөлмесіндегі үстел үстіне қойғанша асығамыз. Бірінші әкеміз оқып болмайынша газеттің бетін аша алмаймыз. Осы естеліктерді есіме түсірген пошташы әйелдің қолынан кітапханаға жеткізбей газетті  өзім қабылдадым. Ондағы ойым, «мектеп қандай газет-журналдарға жазылды екен? Мен білмейтін қандай газет бар?». Бала кезімнен кітап пен газет оқу – өмірімнің азығына айналған еді. Ақмола облысына қарасты білім ордасын  басқарған  соң, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге  облыстағы жаңалықтар туралы білгім келіп газетпен таныса бастадым.   «Арқа ажары» – аты сондай әдемі естіледі екен! 2011 жылы Президент Грантына ие болған газеттің негізі  1917 жылы  Сәкен Сейфуллиннің бастамасымен  жарық көре бастаған.«Әп» дегеннен  қаншама уақыт тарихы бар газеттің  маңызсыз болуға қақы жоқ екенін аңғардым. Көптен ойымда жүрген тақырыппен ой бөлісуіме мына бір мақала әсер етті.

«Арқа  ажары» газетінің 2 шілдедегі №71 нөмірінде  облыс әкімі  Ермек Маржықпаевтың құттықтауының астыңғы жағынан орын алған  «Романның шерткен күйлері» атты мақала  мені  бірде қуантып, бірде ойға қалдырды. Қуанғаным,  ұлттық құндылығымызды дәріптеп, ұлттық мәдениетіміздің дамуына  үлес қосып, өзге ұлт болса да  ұлттық өнерімізбен   «жаңа Қазақстандықпын » деген бұйра шашты сары баланы бүкіл қара шашты қазақ балаларына үлгі етуге тұрарлық.

Өз тіліне өгейсітіп қарайтын әрбір қазаққа шерткен  күйі сіңімді болу үшін сол күйдің  тарихына үңілген Роман Борисовскийді үлгі етуге боларлықтай екен. Тағы бір ойым,  мемлекеттік тілде сөйлеген басқа ұлт өкілін осылай өз қандасымыздай мақтан етеміз. Ал, мыңдаған  қазақтарды өз ана тілінде сөйлемегені  үшін кім мақтан етіп жатыр деген  ой жазылмаған жараның бетін тырналағандай әсер етті. Жасыратын несі бар…….

Мен, қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өлкесінің қызы болғанымды мақтан етемін. Себебі, ата-анам мені өз ана тілімде бесікте әлдиледі, өз ана тілімде тұсауымды кесті, өз ана тілімдегі мектепке оқытты, өз ана тілімді құрметтеуге тәрбиеледі. Сондықтан да болар өз ана тілімде ойланып, өз  тілімде сөйлеймін, орысша сөйлегендерге де қасқайып тұрып ана тілімде жауап беремін. Жүрегім де қазақша соғады. Себебі, мен – қазақпын!

Бірде мектепке кездесуге шақырғанымда қазақтың қайсар қызы Оразкүл Асанғазының  «Қай жерде, қандай мінбеде тұрсаң да өз тіліңде сөйлесең, ешкім сені тұғырдан түсірмейді, олай ете алсаң ғана еліңе адал қызмет жасағаның» дегені құлағымда жаңғырық тәрізді қалып қойды. Осы өткір айтылған сөз өңменімнен өтердей әсер қалдырып өміріме азық боп келеді. Осы кісінің батасын алған мен үшін өз тілімді қадірлеу, өзгелерді өз тілінде сөйлеуге насихаттау үлкен жауапкершілік арқалатқандай болды.

«Алты алашқа аты жайылып, ескі мен жаңа заманның алтын көпірі болған атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі» деген қасиетті сөзі бар. Осындай гауһар тілімізді өз дәрежесінде пайдалана алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты әсер етсе, ал, дәл қазір қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы қажет-ақ.

Жалпы кез-келген елде тілдік ахуал өзгерген жағдайда тіл саясаты да жаңа талаптармен толығып отырады және барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген болса  әрбір   жаңа Қазақстандық осы ұстанымды ұстануға жұмылдырылуы маңызды. Кез-келген қазақ, қазақстандық бір-бірімен тек мемлекеттік тілде сөйлесетін уақыты келді. Тәуелсіздік қазаққа не берді десек, санымыз өсті, санамыз өркендеді, рухымыз жанданды. Рухымызбен бірге тіліміздің тұғыры да биіктеуі шарт», – деген пайымы көзі ашық зерделі жан үшін шамшырақ іспеттес екендігі белгілі.

Қазір мемлекеттік тілде сөйлеуді ар санайтын жастар қарасы көбейді. Мектеп жасындағы жеткіншектердің өзі «мне как удобно, так…», – деп тұрғаны. Бірінші сыныпқа әкелетін кезде жас ата-аналардың өз жағдайларын ойлап ойланбай шешім қабылдауы да  көп мәселені аңғартып тұр. Қазақ сыныптарында оқитын балалардың өзі  қарым-қатынас тілін өз бетінше жасап алған. Себебі,  қоғамда мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, өз тілінде сөйлеуге талап жоқ. Интернет желісіндегі ақпараттар орыс тілінде жеткілікті, әрі қолжетімді.

Талап еткен адамға ала көзімізбен жақтырмай қараймыз. Қазақ қазақты түсінбейтін  мүшкіл халдеміз, рас. Осы тұрғыда, Ғабит Мүсіреповтің «Ана тілін білмеушілер өзін  білімсіз деп санамайды-ау деймін, сондықтан да, өздерін асырап отырған ана тілін қорлауға ұялмайды», «ана тілін тек өгей ұлдар ғана аяққа басады»,– дегені  жүрегімізді қозғамай ма? Әрине, жүрегіңді түсінген жанға тілімдейтіндей. Сөзіме тұздық ретінде мына мысалды ұсынайын.

Жұмыстан шығып, автобусқа жиналдым. Бүгін бірінші рет жаңа жұмысымнан  үйге дейін автобусқа отырдым. Ара-тұра  автобусқа мінгенде «айналада не боп жатыр?», «не өзгеріс?», «халық арасында  қандай көзқарас?» –  бәрін бірден аңғарасың. Әр автобусқа мінген сайын өзіме бір ой түйіп қайтам.

Хиджаб  киген мектеп оқушылары, бір үйдің балалары екені көрініп тұр. Үш қыз бала және 10-11 жас шамасында біріне аға, біріне іні ер бала бар. Төртеуінің екі кішкентайы орындыққа отырып алған. Автобусты бастарына көтеріп орысша сөйлесіп келеді. Айтқан сөздері тыңдаған жанға  ерсі көрінетіндей. Өздерін еркін ұстағаны соншалық дарақылық байқалды. Құдды автобуста тек өздері келе жатқандай. Хиджаб кигізген, дін жолындағы отбасының тәрбиесін елестетіп әлекпін. Өзімше оймен  сараптама жасап келемін. Келген әжейге орын бермеген балақайларды көріп,  50 жас  шамасындағы ер азамат өзін әрең ұстап отыр. Түрінен байқадым.

– Өздерің дін жолын жақсы білсеңдер, ата – аналарың үлкенге құрмет көрсетуді де үйреткен болар. Үлкенге орын беріңдер, балалар,– деді ашуланған күй танытып.

– Жоқ, ол кішкентай, ертелі жаяу жүріп шаршады,– деді жұлып алғандай  үлкендеу апа сымағы.

Қыздың өзін осылай ұстап әдепсіз танытқанына шыдамаған азамат: «не боп кеттік, бесіктен белі шықпаған немерелерден сөз естідік- ау. Қазақ бола тұра орысша сөйлеп не болды мына иттерге»,–деді. Қызара бөртіп ашуланған ағамыздың «ит» дегені артық кетті. Мұндай сөзді көтермек түгілі   жай ақылды артық көретін қазіргі қоғамның еркін балақайлары:

– Аға, онда шаруаңыз болмасын, маған орысша сөйлеген ұнайды, сіз неге «ит» дедіңіз? Демек, «все казахи – сабака»,– деді қыз  тайсалмастан. Осыншама сөзді айтуға, сондай агрессиямен жауап қайтаруға қандай күш әсер етіп жатыр деп өз ойыммен шырмалып жатырмын.

– Қазақ сыныбында оқисың ба? Бір-біріңмен қазақша сөйлеңдер. Ертең балаларыңа да қазақша сөйлетесіңдер. Өз ұлтыңды құрметтемеймісің бе?–деді тағы бір әже.

– Қазақ сыныбында оқимын. Қазақша түсінеміз. Бірақ, сөйлегіміз келмейді, орысша әдемі естіледі. Сіз кімсіз?, маған заставить ететін – деді інісі. Үлкен кісіні ұрып жіберердей ежірейіп,қасына оқтын- оқтын жақындайды. Әрі –  бері бір адам бас көтеріп  бірдеңе айтар ма екен деп ойлап едім . Бірақ, өкінішке орай ешкім үндемейді. Тек тамашалап, «сен тимесең, мен тиме» күйде. «Әке тұрып ұл, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» сөзінің мәнін ешқашан естіп өспегені көрініп тұр. Үлкенмен сөз таластырып, ұрып жіберердей көздері қанталап тұрған балақайларға  айқайлап дауыс көтеру қаншалықты құнды? Балаларды не үшін кінәлаймыз?

Әрі қарай шыдап тұруға намысым жібермей ер баланың жанына жақындап «жаным, үлкендерге қарап бұлай сөйлеме, ұят болады» – дедім сыбырлағандай. Ол да дауысын баяулатып «ол неге менің құқығыма қол сұғады, орын берем бе, орысша сөйлеймін бе, (мне пофик)»,– деді орысшалап. Арқасынан сипап «Ол аға дұрыс айтады, жаным сен қазақсың ғой қазақша сөйлесең оның несі айып,түсінемін, «ит» дегені артық болды, бірақ жүрегіңе ол сөзді қабылдама. Өзіңді бұлай ұстауың да дұрыс емес, барлық адам сендерге қарап тұр, «қандай тәрбиесіз?» – деп   ойлап отыр. Сондықтан ойлан!

Қарама-қарсы отырған орыс әйелдің мысқылы мен бетіндегі жымысқы күлкісі  менің жүрегімді сыздатты.  Оң жағымда   формамен тұрған құқық қызметкерінің бейтараптығы қынжылтты. Қоғамдық орында бұлай сөйлеуге болмайды»,– деп ушықтырмай  бір сөз айтар деп күткем. Балалар формадан да қаймықпады. Осылай  автобустағы уақытым зулап, аялдамаға қалай жеткенімді білмей қалдым.

Бұл балаларды қалай кінәлаймын? Отбасында алған, көрген тәрбиесін көрсетті. Кімді кінәлайсың? Қоғам ба, өзгерген адам ба? Жауабы жоқ сұрақ, күрмеуі көп мәселе, жалтақтаған тіліміз бен санамыз. Автобустан ауа жетпегендей  тұншығып түсіп, терең дем алдым. Қадірі қашқан ағаның ызаға булыққан  бейнесі, намыссыз, ұлттық тәрбиеден жұрдай қазіргі қоғамның жұлқынған, жай сөзді көтере алмаған балалардың қанталаған көзі есімнен кетер емес. Міне, ащы да болса шындық осы! Біздің болашағымыз болатын балақайлардың бір ғана жайы, көрінісі.

Басшылыққа келген әрбір адамнан мемлекеттік тіл білу жайы талап етілмесе, әр қазақ бір-бірімен  кез-келген  ортада өз тілінде шүйіркелеспесе, өз тілін құрметтейтін намысты жастар болмаса, сәби бесігінде өз ана тілінде әлдиленбесе, әр қазақ жалтақтап өз тілінде  еркін сөйлеспесе тәуелсіздігіміз бен елдігімізге сын деп неге қабылдамаймыз. Сыртымыздан ұрылған пышақтың зардабын әлі күнге дейін тартып келеміз. Менің ғана емес баршамыздың алаңдағанымыз  өскелең ұрпақтың өз тілін құрмет тұтпағаны болуы керек. Өзге тілдің бәрін білуге еш қарсылық болмайды, бірақ өз ана тілімізді құрметтеуге кім қарсы? Бәрі өз қолымызда! Әр отбасы, әр ата-ана, әр азамат, әр қызметкер өзіміз  жауаптымыз.

Ана тілі – ол қазақтың тілі. Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. Бұл айбарлы Бауыржан Момышұлының сөзі. Ендеше, әр жаңа Қазақстандық  тіліміздің кемелдігін  өз ұрпағына насихаттаса дұрыс болар еді. Жаңа Қазақстанды  бабалардың аманатына адал, ұлттық  құндылықтарымызды құрметпен қарауымызбен ғана көркейте аламыз.

 Рысжан ШАМҰРАТОВА,
Ақмола облыстық білім басқармасының
Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 дарынды балалар
мектеп-интернатының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар