Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тазалық акциясына 266 мың адам қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Тазалық акциясына 266 мың адам қатысты

Өткен сенбіде Қазақстанда қала аумақтарын қоқыстан тазарту бойынша «Бірге Таза Қазақстан» акциясы өтті.

Акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақтары мен аллеяларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Оған еріктілер, экобелсенділер, қоғам белсенділері де қатысты. Қатысушылар саны шамамен 266 мың адамды құрады. Бұл 23 мыңнан астам еріктілер, 94 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 229 мыңнан астам азамат.

Сонымен қатар, экология департаменттері жергілікті атқарушы органдармен және ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоқыстардың пайда болу фактілерінің жолын кесу және болдырмау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Акция барысында 10 мың гектардан астам жер тазартылды. 19 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

Айта кетейік, жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Мәселен, 1,1 мың тоннадан астам шыны, 1,6 мың тонна пластик, 745,9 тонна резеңке, 432,7 тонна қағаз бен картон, 839,6 тонна металл берілді.

2019 жылы басталған акция министрлік тарапынан қоқысты жинау, қайта өңдеу және сұрыптау сияқты экологиялық тақырыптарға қоғамның назарын аудару мақсатында қолға алынды.

Акцияға қатысуға ниет білдірген еріктілердің саны жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл халықтың экологиялық проблемаларды шешуге тартылуының жақсы көрсеткіші болып табылады.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар