Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды

– Сот Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Асхат Вазировқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 10 еселенген келтірілген залалдың сомасы, яғни 10 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

«Вазиров өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен қосымша жер учаскелерін жалға алу құқығын беруге жәрдем көрсету сылтауымен екі кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен жалпы сомасы 1 000 000 теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», – деді ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Ақмола облысында жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық күдігіне ілінген болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар