Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кітапхана – балалардың ақылшысы - АРҚА АЖАРЫ

Кітапхана – балалардың ақылшысы

Кітапхана саласын дамыту барысында оқырмандарға сапалы қызмет көрсету, жаңа технологияны игеру, кітапхана қорын насихаттап, жаңа бағытта жұмыс істеу басты мақсат болып саналады. Бүгінде «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Төстік», «Көксерек», «Менің атым Қожа», тағы басқа кітаптарды сүйіп оқитын балалар модельдік балалар кітапханасы да аз емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, жас оқырмандарымыздың жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін модельдік балалар кітапханасында көптеген іс-шаралар өткізілуде.

Атап айтқанда, кітапханадағы жаңа кітаптармен танысу мақсатында «Балақайлар, сіздер үшін жаңа кітаптар», «Балалық шақтың елі» кітап көрмелері, «Балалар үлкендерге оқиды, үлкендер балаларға оқиды» библиотерапиясы, саябақтағы «Кітап оқы, жас ұрпақ» флешмобы, «Менің сүйікті кітабым» сурет сайысы, «Денсаулық үшін әр сәтті қалт жібермейміз» атты әдеби-спорттық калейдоскоп, «Біз бәріміз жиналып, ертегілер әлеміне енеміз» ойын бағдарламасы өткізілді. Сондай-ақ, «Балдырғандар кітап әлемінде» COWORKING орталығында көптеген көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Балалардың ой-өрісін дамытуға арналған бағдарламалар мен жобаларды жандандыруға күш сала және балалардың қызығушылығын зерделей отырып, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған «Отбасылық кітап оқу – ұрпақтардың рухани байланысы» жобасы қолға алынып, іске асырылуда. Бұл жобаның мақсаты отбасымен ынтымақтасу негізінде отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту және баланың кітап оқу мәдениетін дамыту.

Сонымен бірге отбасында балалардың кітап оқуын насихаттау және дамыту бойынша ата-аналардың жұмысын жандандыру, балалардың кітап оқу мәселесін шешуге әрбір ата-ананы тарту.
Кітапханада «Әжемнің ертегілері», «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмелеріне шолу жасалып отыруы да біз үшін өте маңызды. Балаға бір жастан-ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс.

Оның сәби кезінен бастап кітапқа қызығушылығын ояту тек кітапханашының ғана емес, сонымен бірге, ата-ананың да басты міндеті. Ба­ланы кітапқа қызықтыру үшін сурет, санамақ кітаптарынан бастау керек. Балаларға қызмет көрсететін кітапханалардың еңсесін көтеру, ұлттық дәстүрімізді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың білімін, рухани байлығын арт­тыру, тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда.

Құрметті ата-аналар, аталар мен әжелер, сіздер үшін модельдік балалар кітапханасының есігі әрқашан ашық. Болашақ ұрпақтың қамын бүгіннен бастап ойлап, балалар мен немерелеріңізді кітапхана деген білім әлеміне баулығандарыңыз жөн.

Зәмзәгүл ҚУАНЫШЕВА,
Бұланды аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар