Қаржы пирамидасына қарсы заңды күшейту көзделуде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Ақмола облысында жұмыс ісспарымен болып, облыстық полиция департаментінің ұжымымен кездесті. Онда елімізде қаржылық пирамиданың зардабын шегушілердіқорғау және осы кеселмен күрестің тиімділігін арттыру, ол үшін заңды күшейту мәселесі талқыланды.Отырыста Мәжіліс депутаты бұл бағытта Парламентте атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Жиында алдымен департамент бастығы, полиция генерал-майоры Думан Таев сөз сөйлеп,облыс полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті күшейтуді қолға алып жатқан істері, қылмыспен күреске бағытталған іс-әрекеттер, тергеу-тексеру жұмыстары, қылмысты ашуда техникалық, электрондық құрал-жабдықтардың қолданылуы, сондай-ақ, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе туралы айтып өтті.

Депутат Юрий Ли қаржылық пирамиданың бұдан 150 жыл бұрын Италияда пайда болғанын, осы алаяқтық әрекеттің бүгінгі таңда әсіресе, ТМД елдері мен шығыс Европа елдерінде белең алаң отырғанына тоқталды. Бір қызығы әп сәтте ертегідегідей бай етемін деушілердің арбауына көбіне басында баспанасы, астында көлігі бар, жоғары білімі бар адамдар түседі екен. Тұрғындар көбінесе әлеуметтік желідегі ақпараттардың шындығына тереңдеп, байыптамайды. Дәл сол ұйым басқа елде сотқа тартылып жатса, келесі елде оған жаңа кленттер табылып, қыруар ақшаларын салып жатады.

Қаржылық пирамида нышандары байқалған ұйымдарды көп адам зардап шекпей тұрып, құрықтауға да кедергі көп. Өйткені, басында адамдар ақшаларын өз қолдарымен апарып салады. Сосын, жарты жыл, бір жылға дейін арыз-шағым түсірмейді. Тек, арада біраз уақыт өтіп, қомақты қаражатынан айырлғаннан кейін ғана барып арызданады. Ол уақытта алаяқтар талай адамға сан соқтырып үлгереді.

Полиция қызметкерлері  осындай істерді тергеу барысындағы әртүрлі жағдайлар туралы депутатқа сұрақ қойып, өз пікірлерін айтып, талқылауға ат салысты.  Пирамиданы тікелей ұйымдастыруға қатысып, ол кеңседе тұрақты жұмыс атқармаса да, арада делдалдық жасаушылар, банк карточкаларын сатушылар, біреулердің ақшаларын түсіріп, аударып берушілер, өз жұмыстастары мен туыстарын тартып, қапы қалдырушылар заң талабынан тыс қалуда. Әккі алаяқтарды тұзақтауға кедергі болатын басқа да жәйттер баршылық. Мәжіліс депутаты алдағы уақытта Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізілетін, оған осындай істің басы-қасында жүрген жандар пікірлерінің аса қажет болатын айтты.

–Ең бастысы, біз тұрғындарға ешқандай іс-әрекетсіз, еңбек етпей, жұмыс жасамай,  оңай олжа табудың, аяқ астынан бай болып шыға келу дегеннің шындыққа жанаспайтындығын түсіндіре алуымыз керек. Бұл үшін тұрғындардың кез-келген жарнамалық шақыруына атүсті қарамай, оларды назар сала оқып, зерттеген, ақылға салып, саралаған, әбден тексеріп барып шешім қабылдаған жөн,–деп аяқтады сөзін Мәжіліс депутаты.

                                                   Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ,

                                                   «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар