Ақмола облысының әкімі  Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Қымбатты спортшылар, спорт ардагерлері мен әуесқойлары!

Кәсіби мереке – Спорт күнімен шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев салауатты өмір салтын және спорттың бұқаралық түрлерін дамыту және насихаттау қоғамымыз үшін өте маңызды екенін атап көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда біздің елімізде спортшыларымыздың жоғары жетістіктерге жетуіне, сондай-ақ, тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуларына барлық жағдайлар жасалуда. Ақмола облысында жыл сайын спорт инфрақұрылымы нығайып, осы заманғы қондырғылар пайдалануға берілуде, жаңа кешендер ашылуда. Облыста соңғы үш жылда алты дене шынықтыру-сауықтыру орталығы мен жүзден астам спорт алаңы салынды.

Біздің облысымыз өзінің спорттық тарихын және оның дәстүрлерін лайықты түрде мақтан етеді. Жерлестеріміздің арасында өздерінің жеңістерімен аймағымызды және елімізді даңққа бөлеген спортшылар аз емес. Біз оларды лайықты түрде мақтан тұтамыз. Ақмолалықтардың тек соңғы жылдардың көлемінде қол жеткізген жетістіктері бәрімізге аян.

Бұл – Давид Дегтяровтың Токиода өткен жазғы Паралимпиадалық ойындардағы ғажайып жеңісі, Теміртас Жүсіповтың былтыр бокстан ХХІ әлем чемпионатында жеңімпаз атануы, сол сияқты, Дина Жоламан мен Карина Ибрагимованың әлем чемпионатында жарқын өнер көрсетулері.  Үлкен додаларда ел намысын лайықты қорғап жүрген біздің басқа спортшыларымыздың атына да осындай жылы лебіздер білдірсек, артық емес.

2020 жылдың басынан бері біздің спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарда 900-ден астам медальға қол жеткізуі осы сөзімізді растай түседі. Бұл күні сондай-ақ, өзінің бар саналы өмірін спортқа арнаған, сөйтіп, Қазақстан спортшыларының бірнеше ұрпағын тәрбиелеген біздің ардагерлерімізге де ерекше алғыс білдіремін.

Қоғам игілігі үшін дене шынықтыру және спорт саласында еңбек етіп жүрген, біздің Қазақстанымызды әлемдік аренада танымал етіп келе жатқан, салауатты өмір салтын ұстанып, басқаларға үлгі болған сіздердің баршаларыңызды Спорт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық және спорт пен өмірде жаңа жетістіктер тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Барлық спортшылар мен спорт саласының ардагерлерін, жаттықтырушыларды, мұғалімдерді, спорт мекемелерінің қызметкерлерін және дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына бейжай қарамайтын қалың жұртшылықты спорт күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды мемлекеттік міндетке айналды деп сеніммен айтуға болады. Ақмола облысында жыл сайын жаңа заманауи спорт ғимараттары салынатыны қуантады, онда өскелең ұрпақтың дене дамуына ықпал ететін жүздеген секциялар мен үйірмелер ашылып, жұмыс істеуде.

Ақмолалық спортшылар аймақтың намысын абыроймен қорғап, өздерінің белсенділігі мен жоғары нәтижелерімен республиканың оң имиджін арттыруға ықпал етіп келеді. Біз Олимпиада ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының, халықаралық жарыстардың қатысушылары атлеттеріміздің  жетістіктерін мақтан етеміз, бұл эстафетаны еңбегі сіңген спорт шеберлерінің қолынан қабылдап жүрген жас спортшылардың табыстарына қуанамыз.

Жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы уақытта да біздің туған өлкеміздің даңқын асыратын лайықты ізбасарларды тәрбиелеу үшін өздерінің барлық білімдері мен тәжірибелерін аянбайтындығына сенімдімін.

Құрметті ақмолалықтар! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, бақыт, жаңа жеңістер мен рекордтар, алға қойылған мақсаттарға жетуде жігерлілік пен табандылық, спорттық құмарлық пен ұзақ ғұмыр тілеймін!

Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар