Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшыда ағын суға арналған шұңқырдан 6 жасар баланың денесі табылды - АРҚА АЖАРЫ

Қосшыда ағын суға арналған шұңқырдан 6 жасар баланың денесі табылды

– Қосшы қаласында ағын суға арналған шұңқырдан (септик) 6 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыздың 26-да сағат 21:30 шамасында Қосшы қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, екі сағат бұрын үй ауласында ойнап жүрген 6 жасар ұлының жоғалғанын айтқан.

«Айтылған мекенжайға Қосшы қалалық полиция басқармасының басшылығы, жеке құрамы және жедел-тергеу тобы барды. Іздеу жұмыстарының барысында баланың денесі ағын суға арналған шұңқырдан табылды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қайғылы жағдайды тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бір үйдің екі баласы түтінге тұншығып қалған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар